Ақынға арналған шығармашылық кеш

Үстіміздегі жылдың 2 наурызында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарихи – өлкетану мұражайында Жамбыл облысының лирик – ақыны, әншісі Владимир Краковскийдің туғанына 75 жыл толуына арналған экспозицияның салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы  “Шиват Цион” Жамбыл облысының Еврей мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі болды. Мұражай экспозициясының ашылу салтанатына Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Г.Чибитко атындағы әдеби клубының, “Очаг” поэтикалық клубының, Жамбыл облыстық орыс драма театрының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, ақынның туыстары мен достары қатысты. Владимир Краковскийді тарихшы, журналист, Тараз қаласының еврей қауымдастығының ақсақалы Михаил Бунин, ақынның әпкесі мен күйеу баласы Татьяна мен Евгений Белоголовтар, ақын және проза жазушысы, аудармашы және журналист, “Оазис” әдеби бірлестігінің жетекшісі Александр Загрибельный және басқалар да еске алды. – 2017 жылы Владимир Краковскийдің “Ковались сердцем эти строки” кітабының тұсаукесері өтті, – дейді “Полонез “Жамбыл облыстық поляк тілі мен мәдениеті орталығы” ҚБ жетекшісі Лариса Калькова. – Осы кітапты алғаннан кейін мен оны толығымен оқыдым. Владимир Краковскийдің өлеңдері жүрекке оңай түседі. Оның поэтикалық шығармалары – өлеңдерде баяндалған өмір тарихы.

Іс-шара барысында Владимир Краковскийдің поэзиясынан өлеңдерін  жиналған жұртшылыққа Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртісі Анна Коломейцева, күйеу баласы Евгений Белоголовых, сонетталарын Полина Воротникова оқыды. Жамбыл облысындағы “Радонеж” орыс қауымдастығының төрағасы және орыс драма театрының әртісі Тимур Романюк  В.Краковскийдің “Полонез” шығармасын орындаған мелодекламациясы қызықты әрі ерекше жанды болды. В.Краковскийге арналған экспозиция ашылғаннан кейін мұражайдың экскурсия жетекшісі Жәния Сембекова оған қысқаша шолу жасады.