Ақпанның 27 күні облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Тараз қалалық №85395 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен «Алғыс айту» күніне орай кездесу өткізді

Ақпанның 27 күні облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Тараз қалалық №85395 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен «Алғыс айту» күніне орай кездесу өткізді.

Кездесу ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғалидың алдағы мерекеге орай құттықтау сөзі және үздік сарбаздар аналарына Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекованың алғыс хатын табыс ету рәсімімен басталды.

Ары қарай Аналар кеңесінің мүшесі Сара Даузова және ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Исмайл Хаджимуратов қазақ жерінің біртұтастығын сақтауда қазақ батырлар мектебінің, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының даңқты жолын жалғастырып жүрген сарбаздарға алғыс білдіріп, батасын берді.

Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің Бас Қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов мереке қарсаңында үздік әскери қызметкерлерді марапаттады.

Кездесу кешінің көркін қыздырған сәт Жамбыл жоғары политехникалық колледжі студенттерінен құрылған «Жас сарбаздар» әскери-патриоттық клубының қаруды шашып қайта жинау ептілігі мен шеберлігін көрсетуі болды.

Шара барысы әскери бөлімнің көркем шығармашылық ұжымы және облыстық ҚХА, “Анаға тағзым” орталығының өнер иелері қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты. Әсем әуеннің ырғағына аналарымен вальс билеген сарбаздар естелік суреттерге түсумен тарқасты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі