Ақ жол!

Жаңа жұмысқа ауысуына байланысты Парида Мамедова Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы қызметін тоқтатты.

2022 жылғы 31 Тамызда Тараз қаласында Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесінің басшылары мен өкілдері,  Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы Парида Иманжанқызының жаңа жұмысына сәттілік тілеп шығарып салды.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Алмас Садубаев: «Облыс басшылығы Парида Иманжанқызын аса маңызды орынға жұмысқа жібереді. Біз Парида Иманжанқызымен 2 жыл жемісті еңбек еттік. Сізге үлкен рахмет»-деді.

Өз сөзінде Жамбыл облысы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова да  Парида Мамедова өзінің барлық міндеттемелерін адал және кәсіби түрде орындағанын атап өтті.

Сондай-ақ,  «Днепро» оқу-жаттығу орталығының төрағасы Федор Клименко, «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Махмутжон Давришев сөз сөйледі.

Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы