Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Тараздағы Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын білімгерлерге түсіндірме жұмыстары өтті

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Тараздағы Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын білімгерлерге түсіндірме жұмыстары өтті.

Дөңгелек үстелге М.Қашқари атындағы ұйғырлар этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Тұрдыева, Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Макхам Орифов және Қытай этномәдени бірлестігінің төрайымы  Галина Воробьева қатысты.

Сондай-ақ, колледж директоры Фарида Фаридқызы да өз ойын ортаға салды.  – Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Әрине барша жасты сапалы білім беру жүйесі, қолжетімді жоғары білім, қолына диплом алған жас мамандарды жұмыспен қамту, жас отбасыларды тұрғын үй мәселесі сияқты сұрақтар толғандырады. Ал Президенттің Жолдауы дәл осы проблемалардың шешіміне айналғандай, – дейді Фарида Нақыш.

Сондай-ақ, Мухабат Тұрдыева мемлекеттік тілдің маңыздылығын атап өтті: – 2025 жылға дейін Қазақстандағы қазақ тілінің үлесі 95 пайызға дейін артады деген үміттемін. Жаһандану кеңістігінде мемлекеттің болмысын, ерекшелігін танытатын ұлт тілі – Қазақ тілі. Олай болса, тіліміздің ертеңі туралы ойлану, оны мәңгілік жобаға айналдыру барлық уақытта алдыңғы орында болу керек, – деп атап өтті Ол.

Іс-шара соңында білімгерлер  өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттанарлық  жауаптар алды.

Баспасөз қызметі орталығы