Ағымдағы жылдың 10-қазанында Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 10-қазанында Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов Қазақстанды одан әрі дамытуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық саланы нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және саяси реформаларды іске асыруға бағытталған осы маңызды бағдарламалық құжаттың негізгі аспектілеріне тоқталды. Талқылау кезінде әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, алдағы сайлау туралы да айтылды. Спикер қатысушыларды белсенді болуға және дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Бұған қоса, іс-шарада мемлекеттік тілді үйрену мәселесі сөз болды.

Баспасөз қызметі