Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI  сессиясы қазақстандық қоғам өміріндегі маңызды оқиға

Бүгінгі сессиямыздың  тақырыбы да өзекті – «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ» деп аталады.

Қазақстанда 140-тан астам этнос тұрады. ҚХА – құрылғаннан бері, қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі ретінде өзінің басты миссиясын абыроймен атқарып келе жатқан бірегей институт.

Тұрақтылық, бейбітшілік, өзара түсіністік, достық жағдайында ғана прогресске қол жеткізуге болады. Жаңғыртылған саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйемен, прогрессивтік құндылықтармен ғана “жаңа Қазақстанды” құруға бағытталған ауқымды мақсаттар орындалады.

Ассамблеяны жаңғыртуға осы жылы баса назар аударылды және бұл елдің конституциялық қайта құрылуымен, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың “жаңа Қазақстанның” жаңаруы мен жаңғыруы  жөніндегі Жолдауына сәйкес мемлекетіміздің қайта реформалау бағдарламасымен байланысты, онда саяси реформаның 33 бағыты туралы анық айтылған.

Бүгінгі таңда демократиялық өзгерістерді өркениетті түрде қабылдау керек. Осы демократиялық өзгерістердің ішіндегі маңыздысы – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы берік байланыс.

Бұл бағытта ҚХА жұмысын жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.