Спорт жас тандамайды
Денсаулықты нығайту оңай емес, бірақ кез-келген жаста өте маңызды. Осы себепті “алтын жастағы” адамдар деп аталатындар, олардың арасында этномәдени бірлестіктердің өкілдері көп, салауатты өмір салтын ұстануға тырысады, жыл сайын белсенді бола түсуде. Жақында Тараз қаласының Қайрат Рысқұлбеков демалыс саябағында қалалық спартакиада өтті, оған Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты. Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен ардагерлер ұйымының 35 жылдығына арналған іс-шараны Тараз қаласының әкімдігі, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.
Спорт және денсаулық мерекесі салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Іс-шараға қатысушыларды Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев құттықтап, қатысушыларға жаңа спорттық жетістіктер тіледі. Салтанатты рәсім спорттық ойындарға ауысты. Қатысушылар тоғызқұмалақ пен асық ату, үстел теннисі мен волейбол, бильярд, шахмат пен дойбы ойнап, дартс ойынында мергендік танытты. Барлығы 8 спорт түрінен жарысты.
Іс-шара соңында жеңімпаздар диплом, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде Жамбыл облысының спартакиадасына жолдама болды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім»КММ
Баспасөз қызметі орталығы