Студенттермен кездесу
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика және құқық факультетінің, «Бухгалтерлік есеп, аудит және кәсіпкерлікке салық салу» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттерімен кездесті. 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған кездесу барысында аталмыш мейрамның маңыздылығы, Қазақстанның көпэтностығы, ҚХА қызметі, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің жұмысы туралы сөз болды.
Парида Иманжанқызы сондай-ақ, жастарға волонтерлік қызмет, біздің өңір жұмысына олардың қатысуы туралы айта келе, ел бірлігін сақтауда және Жаңа Қазақстан даму жолындағы жастардың саясаты туралы бағыт-бағдар берді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз қызметі орталығы