Ағымдағы жылдың 24 қарашасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық бөлімі “Бейбітшілік пен келісімге 30 жыл” атты ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – этносаралық қақтығыстардың алдын алу және бірлік пен патриотизмді дамыту, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығын талқылау болып табылады. Алқалы жиынға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысы ҚХА ғылыми – сараптама тобы төрағасының орынбасары – Парида Мамедова «Укрепление казахстанской гражданственности – важный фактор консолидации общества и суверенитета Казахстана» атты баяндамасын оқыды.

Өз кезегінде Тараз өңірлік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Режеп Баярисов баяндамасын баяндап берді.

Жиын соңында ЖОО студенттері өздерінің ғылыми мақалаларымен жиналғандарға таныстырды. Бұған қоса, пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім”

КММ Баспасөз қызметі орталығы