Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні. 1991 жылы егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, қазіргізаманға қатысты тағы басқа да игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты. Яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты десек – қателеспейміз. Бұл – ақиқат. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.
Елбасы ортақ Отанымыз – Қазақстанды дамыту жолында елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті басшылыққа алды. Тәуелсіздікке жиырма жыл толмай жатып-ақ елімізді Еуропа төріне шығарып берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, маңызы үлкен мемлекеттер ретінде мойындалып отыр.
Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!
Айгүл Кабиева
«ӘУЛИЕ АТА» қазақ мәдени
орталығы төрағасының орынбасары,
Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі