Этномәдени бірлестік өкілдері жаңа туылған перзенттерге домбыра сыйлады

Үстіміздегі жылдың шілде айының бірінші жексенбісі  –  Ұлттық домбыра күні еліміздің барлық аймағындаатап өтілді.  Қазақстан  халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында  Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтар барша қазақстандықтар үшін ортақ игілікке айналған.  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының демеушілігімен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілі, Аналар және ақсақалдар кеңесінің мүшелері қаламыздағы перзентханаларға барып, Ұлттық домбыра мерекесінде бірінші болып туылған перзенттерге арнап қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы –домбыраны  сыйлау  рәсімін өткізді.

Этномәдени бірлестіктер өкілдеріТараз қаласындағы  перинаталдық орталық, облыстық және қалалық перзентханаларда сәбилерін дүниеге әкелген Талас ауданы Ойық ауылының тұрғыны – Бапенова Мадинаға, Жамбыл ауданы Шайқорық ауылының тұрғыны – Сейіткәрімова Алуаға, Тараз қаласының тұрғыны – Алсиева Гүлжайнаға, Домбыра күнінде туылған сәбилері үшін жас аналарғақазақтың ұлттық аспабы – домбыра сыйлап,               Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  басшылығы перзенттеріне ұзақ ғұмыр тілеп,  Ұлттық домбыра күнімен және  Астана күнінің 20 жылдығы мерекесімен құттықтап, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін отаншыл ұрпақтар қатарының артуына ақжарма тілегімен бөлісті.

Сондай-ақ, ұлттық домбыра күнін дәл осы рәсіммен Қодай, Жамбыл, Шу, Талас, Байзақ  және т.б. аудандарда да аталып өтті.

Шілде айының жетінші жұлдызы, яғни шілденің алғашқы жексенбісі домбыра күнінде Жамбыл ауданы, Аса ауылының тұрғыны Тұрғынбек Жанерке,аудандық аурухананның перзентханасында  Қайырғали Медина есімді нәрестені өмірге алып келген. Мереке күні қарсаңында дүние есігін ашқан сәбиге Жамбыл ауданының этномәдени бірлестіктері ұлттық аспап домбыраны тарту етті. Сонымен бірге, дәл осы рәсім  Шу ауданы, Шу қаласының орталық презентханасында  да өтті. Аудан тұрғыны Аманбай Балнұр Раяна Жанарбекқызы есімді нәрестені өмірге әкелген. Сәбиге аудандық этномәдени бірлестіктер домбыра тарту етті. Сонымен қатар, домбыра сыйлау рәсімі Қордай ауданының Қордай ауылы және Сортөбе ауылдарында да аталып өтті. Абайбекова Рамиля және Юсуфова Зульфия есімді ауыл тұрғындарының нәрестелеріне ұлттық домбыра тарту етілді.

Аталған үрдіс әр жыл сайын өз жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі