Таразда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды
Ағымдағы жылдың ақпанында Достық үйінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ашылу салтанаты өтті.
Орталық Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесе отырып «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында құрылды.
Ашылу салтанатына Этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қызметкерлері, Ақсақалдар, Аналар, Ардагерлер кеңестері, зейнеткерлер, қала жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.
Орталық ашудағы басты мақсат қарт адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және өмір сүру сапасына ықпал ету, қоғамда ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, егде жастағы адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.
Орталықтың басты міндеті жастары егде тартқан адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, жәрдемдесуге бағытталған шараларды іске асыруға жұртшылықты тарту. Қарт адамдардың бос уақытын тиімді өткізуіне және оларды қоғамдық өмірге тарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, ҰОС соғысының қатысушыларының, тыл еңбеккерлерінің, еңбек ардагерлерінің, қарт адамдардың еңбекқорлығын насихаттау және тәлімгерлік институтын дамыту.
Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін орталық төрт түрлі бағытта жұмыс жасап отыр. Олар: «Қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу», «Салауатты жас», «Атаулы көмек» және «Ұмытылмас батырлар». Ал, осы бағыттарды іске асыруда мынадай қызмет түрлері көрсетілуде: қарт адамдарға арналған «Өзіңе өзің көмектес», «Музыкалық қонақ бөлмесі» клубтары, тілдерді оқыту курсы бойынша қазақша, орысша, ағылшынша оқу топтары, хореография және сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмелері жұмыс істеуде. Дәрістерді Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ, Тараз қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының “Тілдерді оқыту орталығы” МКҚК қызметкерлері, қарттар мен студенттер қатарынан еріктілер өткізеді. Қазіргі уақытта орталықта 80-ге жуық қарт қамтылған. Олар түрлі сабақтарға қатысып, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыстарына белсене атсалысуда.
Орталықтың ашылу салтанаты «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат пен Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Рано Убайдуллаеваның орталықтың тұсауын кесуден басталды. Ары қарай «Қазақтану» жобасы аясында жүзеге асқан «Ою қадамдары» курсының сабақтарында жасалған қолөнер бұйымдарымен таныстырылды. Онда сөз сөйлеген қолөнер шеберлері өз бұйымдарының өрнектерінің мән – мағынасы, жасалу жолдарымен бөлісті. Көрмеге моншақтан әртүрлі қуыршақтар, сөмкелер, бесіктер, вазалар т.б кәдесыйларға арналған бұйымдар, жүннен жасалған орамалдар, құрақ көрпелер, жұмсақ ойыншықтар қойылған. Көрменің бір бөлігінде шахмат курсына қатысушылар шахмат ойнанан бәс сынасты.
Салтантты шараның жалғасы Достық үйінің екінші қабатындағы қызыл залда жалғасты. Онда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тоқтасынұлы сөз сөйлеп, ашылып жатқан орталық жұмысына береке тіледі.
Шәбден Тоқтасынұлы: «Мұндай орталық өзге қалаларда біраз уақыт бұрын ашылған болатын, осы үрдіс біздің облыстанда жалғасын тауып жатқанына қуаныштымын. Бұл орталық қарттарымыз үшін өте қолайлы, әрі бос уақыттарын тиімді пайдалануға таптырмас орын деп ойлаймын. Себебі, мұнда қарттарымызға керекті жағдай жасалған. Олар енді қарт болсада қоғамнан алшақтамай керісінше қоғаммен тығыз байланыста болады. Қарты бар ел, қазыналы ел. Қарттарды сыйлау, құрметтеу бізге парыз»-деді.
Салтанатты кеш «Асыл Ана» вокалдық – фолклорлық ансамблі, «Калинка» ансамблі, «Поющие сердца» квартеті т.б қарттарымыз өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, Людмила Ивановна Чекалина, Идрис Месизович Юнусов, Нэлли Борисовна Хачианиди, Куанышбай Есиркегенов, Гульжазира Ануарбековна Кудайбергеновалар осы орталық ішінде өздерінің атқарып жатқан қызметтерімен бөлісті.
Кеш барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашылған орталыққа арнап ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар, «Калинка» вокалдық ансамблін 65-жылдық мерейтойымен құттықтады.
Кештің соңы «Шашу» дәстүрінің театрландырылған көрінісімен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі