БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
Ағымдағы жылдың 31 қазанында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Талас ауданына «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері барып ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Облыс әкімдігінің «Ақпарат және қоғамдық даму» басқармасының қызметкерлері мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы орынбасары Дәурен Тайлеев, Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева Қасқабұлақ, Тамды, Берікқара, Қаратау ауылдарындағы тұрғындармен кездесті.
Кездесуде жұмыс тобы тұрғындарға мемлекеттік саясат, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы басым бағыттар мен ҚХА сессиясында көтерілген негізгі мәселелерге тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, топ мүшелері этносаралық арандатушылыққа жол бермей, тілдік, нәсілдік топқа жіктелуді болдырмаудың алдын алу жайын да тұрғындармен талқылады.
Өз кезегінде тұрғындар ауылдардағы ауыз су, жол жөндеу, жайылымдық жер тапшылығы секілді әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан туындаған мәселелер жол картасына енгізіліп, бақылауда ұсталатын болады.