ЕЖЕЛГІ OSTERN-ПАСХАНЫ АТАП ӨТТІ

Жамбыл облысының Немістер қоғамында көктем мен қайта түлеудің, жаңарудың Ostern, яғни ежелгі Пасха мерекесі көктемгі көтеріңкі көңіл-күймен белсенді түрде атап өтілді.

Іс-шара барысында қатысушыларды Жамбыл облыстық Немістер қоғамының төрағасы Александр Гибнер, «Радонеж» Орыс  қауымдастығының өкілдері құттықтады.

Мерекенің ерекшелігі – мектепке дейінгі балаларға білім беру орталығы және «Talente» театрының талантты жастарының қызықты ертегі қойылымы болып табылды. Көрермендер сахнада болып жатқан оқиғаларды  аса қызығушылықпен қабылдап, басты кейіпкері – қоянның пасха жұмыртқаларын таратуға тез үлгеру үшін желаяқ-етік іздегендігін, т.б. көріністерді тамашалады.

Сонымен қатар, «Поющие сердца» вокалдық ансамблі мен «Sternen» балалар вокалдық тобының  шығармаларына  жиналған жұртшылық тәнті болды.

Мерекелік шара көрермендердің жадында қуанышты естеліктер мен жағымды эмоциялар қалдырды.