МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕДЕГІ МАҢЫЗДЫ БАСҚОСУ

Маңғыстау облысының ҚХА Ақсақалдар кеңесі ағымдағы жылдың 13-14 наурыз күндері «Ақсақалдардың аталы сөзі» атты Республикалық конференциясын өткізуде.
ҚХА Ақсақалдар кеңесінің жұмысын одан әрі жетілдіру және дамытуды көздеген іс-шараға Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейлхан Акылшаұлы қатысуда.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың арнайы шақыртуымен атбасын батысқа бұрған Асқарбек Ақылшаұлы жиында аталы сөзін арнап, баталы тілегін білдірді. Мұнайлы өлкеге Әулиеатаның атынан Ұлы жерлесіміз М. Х. Дулатидың асыл бейнесі тоқылған кілемді сыйға тартты.
Көрісу күніне орай ұйымдастырылып отырған ақсаладардың алқалы бас қосуы ертең «Отпантауда» жалғасын табатын болады.