Этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативті тәсілдер оқыту семинар-тренингі өтті
Бүгін Жамбыл облысы әкімідігі ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативті тәсілдерді оқыту семинар-тренингі басталды.
Семинар-тренингті «Парасат» медиация және құқық орталығы» ЖМ кәсіби медиаторы, тренер-сарапшы Мұхтар Адаев және осы орталықтың тренер-сарапшысы, кәсіби медиатор, конфликтолог Бахыт Амангельды облысымыздың қала мен аудандарынан келген тыңдаушыларға аталған тақырып аясында толыққанды ақпаратты әртүрлі тәсілдермен жеткізді.
Семинардың алғашқы күні этносаралық қақтығыстардың дамуының негізгі кезеңдері, әлеуметтік-тұрмыстық жанжалдардың этносаралық қақтығыстардан айырмашылығы, ұрыстың шиеленісуіне ықпал ететін факторларды сондай-ақ, оны реттеу кезінде жергілікті билік органдарының, этнос өкілдерінің рөлі сынды т.б дәрістер оқылды. Қатысушылар көтерілген мәселелер мен ұсыныстары, ой пікірлері жан-жақты талдап, сараптап өзара пікір алмасты.
Дәстүрлі семинар-тренинг үш күнге жоспарланған.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі