Өңірлік ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ қамқорлығы – саналы ұрпақ тәрбиесі

Өңірлік Ассамблея Аналар кеңесінің мүшелері жылда Тараз қаласының арнайы мектеп тәрбиеленушілеріне қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған. 2023 жылғы 1 маусымда – Балаларды қорғау күні Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Араксий Ваграмовна Плетнева және Аналар кеңесінің тұрақты демеушісі және белсенді мүшесі кеңес мүшелерінің атынан Лобара Гарипова екеуі балаларды құттықтау үшін өз қамқорлығындағы балаларға қуанышты күн сыйлады.

Әрине, бұл балалар қай жерде және қандай өмірлік жағдайда болса да, баланың аты – бала. Сондықтан да болар, ассамблеялық Аналар үшін жат бала жоқ, алалау жоқ, бөлу жоқ, олардың мақсат-тілегі – аяғын шалыс басып, түзелу орнында тәрбиеленіп жүрген әрбір жас ұрпақтың жүрегіне жақсылық пен мейірімділіктің дәнін егіп, жақсы тәлімдерінің жемісін алу. Сонымен бірге, олардың санасына біздің еліміз,қоғам бұлардың әрқайсысының тағдырына бей-жай қарамайтындығын және

лайықты азамат болып өсуі үшін бар күштерін салатындарына сенімдерін бекіту, сезіндіру.

Шара барысында Аналвр кеңесінің өкілдері мен қатысушылар тәрбиеленушілердің конерттік бағдарламаға толы өнерлерін тамашалап, жас жеткіншектерге құттықтаулар айтылып, сыйлықтар берілді. Балалар бір сәт арнайы мектепте жүргендерін ұмытып ,бар ықыластарымен қуана білді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі