ТОП ЖАРҒАН «INFINITI»

Мәскеуде өткен «Растопим сердца!» беделді халықаралық гранттар байқауында жеңімпаз атанған Жамбыл облысы Гректер қауымының «Infiniti» хореографиялық ансамблін кезекті жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Байқаудың мақсаты- шығармашылық қызметті қолдай отырып шығармашыл ұжымдар мен қатысушылардың шығармашылық әлеуеттерін арттыруға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, репертуарлық әзірлемелер және ұжым басшыларының шығармашылық ізденістерінің деңгейін анықтау.

Қатысушылар сегіз жас санатында бақ сынасты. Атап айтқанда, 7 жасқа дейін, 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-18 жас, 19-25 жас, ересектер (25+),аралас жастағы топтар.

Байқауға алты шығармашылық номинация ұсынылды. Олар: «Би шығармашылығы», «Вокалдық шығармашылық», «Театр шығармашылығы»,

«Аспаптық жанр», «Бейнелеу шығармашылығы», «Цирк өнері». Қазылар алқасы байқау нәтижелерін әр номинация бойынша және әр жас санаты бойынша жеке бағалады. Қатысушылардың өнерін бағалау 10 балдық жүйе бойынша белгіленді.

«Infiniti» хореографиялық ансамблі «Би шығармашылығы» номинациясына қатысты. Бұл номинация өте ауқымды болып саналады. Оған «Эстрадалық би», «Заманауи би», «Халық биі», «балдық билер», «көше биі», «Фламенко», «Степ», «Хип – хоп», «Латын Америкасы биі», «би театры», «Шығыс биі», «Классикалық би», «Би шоуы».

Байқау қорытындысы бойынша «Infiniti» қатысушылары бір бірінші, бір екінші және бес үшінші орынға ие болды. Абсолютті лауреаттар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, аталған хореографиялық ұжымның жетекшісі, хореограф Елена Малхосьянға «Растопим сердца!» халықаралық гранттық конкурсының қатысушыларын дайындауға қатысқаны үшін Алғыс хат табысталды!

«Қоғамдық келісім» КММ

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі