Отзыв Хабиб Алиев

Еліміздегі сан түрлі ұлттың татулығы мен ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің мемлекетіміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай қорғауымыз қажет. Отанымыздың басты жетістігі –қазақстан халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығында. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық бейбітшілік пен келісім болып табылады.
Елімізде түрлі ұлт өкілдері тіліне, мәдениетіне, дініне қарамастан, бір тудың астында татулықта өмір сүріп жатыр. Зайырлы мемлекет ретінде өз дінін ұстанып, өзге дінді құрметтеуге еліміздің әр азаматы мүдделі. Бүгінгі таңда Қазақстан экономика мен әлеуметтік даму тұрғысында біраз жетістіктерді еңсерген елге айналды. Шындығында, тұрақтылық, татулық пен бірлік болмаса экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму туралы да ешқандай сөз болуы мүмкін емес еді.
Мен елдегі татулықты темірдей берік етіп отырған Елбасымыздың және Мемлекет басшысының сындарлы саясатына тәнтімін. Әлем аңсаған азаттықтың ақ таңы, бейбітшіліктің мамыражай күні бізді әр күн сайын қарсы алады. Бұл көкірегімді шексіз мақтаныш пен бәсекеге қабілетті өмірге деген шабытқа толтырады.
Елдің ынтымақтастығы тұрғысындағы көптеген мемлкеттік маңызы бар құжаттар Қазақстан халқы Ассамблеясының әр сессиясында талқыланып, сарапталып барып күшіне енеді деп білемін. Олай болса алдағы сессиядан күтер үмітім зор.
Алиев Хабиб
«Барбанг» күрділер қауымдастығының өкілі. ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төраға орынбасары