2022 жылдың 17 маусымында Жамбыл облысының “Ассамблея жастары” РҚБ Достық үйінде “Жаңа Қазақстан жастары” жастар коворкингі өтті

2022 жылдың 17 маусымында Жамбыл облысының “Ассамблея жастары” РҚБ Достық үйінде “Жаңа Қазақстан жастары” жастар коворкингі өтті. “Біздің күшіміз бірлікте” ұранымен өткен іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, Жамбыл облысының “Ассамблея жастары” РҚБ және “Елім-ай Достық” ҚБ өкілдері, № 34 орта мектеп оқушылары, СГТК және КИСТ колледждерінің студенттері қатысты.

Қатысушылар алдында Жамбыл облысының “Ассамблея жастары” РҚБ жетекшілері Хамида Турдиева мен “Елімай Достық” ҚБ жетекшілері Полина Ким сөз сөйледі.

Іс-шараға қатысушыларды  Жамбыл облысының  “Ассамблея жастары” РҚБ жұмысымен таныстырып, жастардың “Жаңа Қазақстан” құрылысына қосқан үлесі, этномәдени бірлестіктердің рөлі туралы айтып берді. Жастар коворкингі кезінде Достық үйі бойынша таныстыру, толық масштабты экскурсия, шешендік өнер бойынша қызықты және пайдалы мастер класс, сауалнама, жарқын фотосессия өткізілді. 📍

 

 Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі орталығы