2022 жылғы 16 маусымда Достық үйінде Азаматтық қоғам институтының Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша өзара іс-қимылы”тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шараны өткізудің мақсаты – мекемелерге сотталған адамды түзеуге, қоғамның толық құқылы мүшесінің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, құқық нормалары мен жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары негізінде оның қоғамдағы дербес өмірге оралуына жәрдемдесу (қайта әлеуметтендіру) болды.

Дөңгелек үстелге Кылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев қатысты. Жамбыл облысы прокуратурасының 5-басқармасының бастығы Өсер Арынтаев, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының бас маманы, әділет подполковнигі Айгүл Танашева, Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, “Радонеж” орыс қауымының төрағасы Владимир Сорокин, Жамбыл облысы Байзақ ауданы “Ахыска” түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің Жамбыл облыстық “Полонез” поляк тілі және мәдениеті орталығының өкілі Аракси Плетнева және басқалар. Жамбыл облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, прокуратураның, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері сотталғандарды жазалау мерзімін өтеу кезеңінде және одан кейін қайта әлеуметтендіру және бейімдеу мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Көтерілген өзекті мәселелердің ішінде жұмысқа орналастыру, бос уақытты ұйымдастыру, волонтерлік көмек көрсету болды. Өзара ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша көптеген қызықты ұсыныстар айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар әзірленді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз  қызметі орталығы