1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні.

Айтулы күннің шығу тарихына шолу жасасақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгіледі.

Еліміздің Тәуелсіздік алған тұсында біз үшін жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталды.  Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын. Міне, содан бері 30 жыл ішінде Елбасының басшысының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген ұшан-теңіз үлесі шексіз.

Бірақ, Тұңқыш Президент  Н.Назарбаевтың еңбегін айрықша атап өтетін үлкен белес бар. Оның біріншісі – еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі – Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылуы. Екінші – 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Президенті сайлауы. Үшінші белес – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы.

Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, Алда алар асуларымыз одан да көп. Әлемнің дамыған елдерінің қатарынан ойып тұрып орын алуғаұмтылудамыз. Бұл белестің де, одан да зор асулардың да бағындырылатындығы сөзсіз.

Кабиева Айгүл Кабиқызы –М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі, «Әулие-Ата» атындағы қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары