1 Наурыз күні

1 Наурыз күні – Алғыс айту күнін жыл сайын барша қазақстандықтар болып атап өтеміз.   Бұл мейрам біздің ортақ тарихымыздың нақ символы,  Қазақстан халқының бірлігінің, бейбітшілігі мен келісімінің күні.

Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету – Дала халқы үшін жазылмаған заң. Мұндай дүниетанымның негізінде адамға деген шынайы құрмет қалыптасқан.

Алғыс айту күні Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Жастарды ризашылық, рахмет айта білу, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым-қатынасын сақтауға үйрету, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.  Сондықтан да болар, болашағымыз – жастар мен барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер қауымдастығының

төрағасы, ҚХА мүшесі Сартиф Алиев