ӘСЕМ ӘН, МЫҢ БҰРАЛҒАН БИМЕН АЛҒЫС

Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шаралар сериясы жалғасуда.

Бүгін Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково ауылында ертеңгі мерекеге арналған іс-шара өтті.

Оған Жамбыл облысындағы ҚР күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы РҚБ филиалының төрағалары Сартиф Алиев пен «Айнұр» Татар-башқұрт мәдени орталығының төрағалары Амир Халиков, ауылдық округ әкімінің орынбасары, ауыл тұрғындары қатысты.

Шарада жарқын бағдарламаға толы концерт өтті. Концертке этномәдени бірлестіктері мен аудан әртістері және балалар ұжымдарының шығармашылық топтары ән шырқап, би билеп, көрермендерге тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Концерт қатысушылары арасында этностильде өз нөмірлерін орындаған «Барбанг»  фольклорлық ансамблі де болды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі