«Ұлы дала тарихы» экспедициясы жолға шықты

2

Талас, Сарысу және Жуалы аудандарының алыс ауылдары мен қалаларын қамтыған экспедицияның басты мақсаты  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталады. «Ақ желкен» лигасының жастары аналар мен ақсақалдар кеңесінің өкілдерімен бірігіп, Елбасымыз Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің танымалдығын арттыру мақсатында жергілікті тұрғындармен көптеген кездесулер өткізді. Сонымен қатар Жаңатас қаласындағы «Казфосфат» ЖШС-нің өндіріс орындарында болып, көп салалы колледж білімгерлерімен бірге еңбек ұжымдарымен кездесті. «Көк су» кенішінде болып  еңбек адамдарының, өз ісінің майталмандарының жұмысын көрді.

 Осы колледжде экспедиция мүшелерінің қатысуымен еңбек әулеттерінің форумы болып өтті. Талас ауданындағы көне петроглифтер бар Бөріқазған, Тәңірқазған және Қыз көпірі аумақтарына саяхат жасалып, Қызыләуіт ауылындағы Мынатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп оқушыларына «Біз –ұлы даланың ұрпақтары» тақырыбында ашық аспан астындағы сабақ ұйымдастырылды. Жуалы ауданы Ертай ауылындағы М.Ғабдуллин атындағы мектептің оқушылары батыр Бақытжан Ертаев туып-өскен ауылдың тарихын зерттеудегі нәтижелерімен, жастардың  патриоттық  рухын нығайту мақсатында,  интеллектуалдық-танымдық ойын ұйымдастырды.

Барлық елді мекендерде «Біз – болашағы біртұтас ұлтпыз!» атты постерлер байқауы үлкен қызығушылықпен өтті. Ауылына сыйлы да құрметті ақсақалдармен өзін-өзі жетілдіру сенімінің маңыздылығы туралы сұхбат жазылды. Экспедиция барысында жиналған барлық материалдар Астана қаласына жіберіліп, республикалық жинақ-альбомға енеді.

“Ақ желкен” жастар лигасы Еңбек Ері М. Искандеровтен  өзінің  сәттілік формуласымен аудандағы колледждің оқу озаттарымен бөлісуін сұрады.  Жаңатас қаласындағы «Айгөлек» балабақшасында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы, Жуалы ауданында салынып жатқан құрмет аллеясы мен Талас ауданындағы таулы петроглифтермен танысу экспедицияның қызықты сәттерінің бірі болды.

Экспедиция жұмысының соңында жастар патриоттық рухты нығайту мақсатында 2017 жылы «Өз өңірінді танып біл» атты жаңа жобаны іске асыруды ұсынды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі