«Ұлы ақын өлеңдерінен үзінді оқу»

Ағымдағы жылдың  мамыр айында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан қолдау тапқан ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, «Ұлы ақын өлеңдерінен үзінді оқу» эстафетасы бастау алған болатын. Ел назарына іліккен бұл челлендж   әлеуметтік желілерде  кеңінен етек жайды.  Айта кету керек, #Abay175 хэштегімен  танылған челленджі  Қазақстанның түкпір-түкпірінен елге танымал беделді азаматтарымыз, қоғамдық қайраткерлері, өнер адамдарының, БАҚ өкілдерінің т.б.  белсенді қатысуымен  өз жалғасын тауып жатыр. Халық назарына іліккен бұл жобадан Жамбыл облысы да қалыс қалған жоқ. Тарихи өлкеден  Қазақстан халқы ассамблеясы  атынан «Жаңғыру жолы» жастар активінің  және «Радонеж» орыс қауымы қоғамдық бірлестігінің» белсенді мүшесі Трегубова Виктория Вячеславқызы  оқ бойы оза шапты.

Жерлесіміз Виктория  Абайдың «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»  атты өлеңін оқып, республика көлемінде танымалдыққа ие болды. Викторияның оқыған өлеңінің видеосы «Қоғамдық келісім» РММ және облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен  әлеуметтік желілерде жүктелген болатын.  Бейне-ролик  60 мың қаралым жинап, 1500 репост жасалды.  Қазақ тілін жетік меңгерген  Виктория Вячеславқызы 29-тамызда Қазақстан Конституциясы күніне орай ҚР Президенті  Қ.Тоқаевтың қатысуымен  өтетін бүгінгі  республикалық мерекелік концертте ғұлама Абай Құнанбаевтың туындысын  мәнерлеп оқитын болады.