Үстіміздегі жылдың 28-қарашасында Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті

Үстіміздегі жылдың 28-қарашасында Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Аталмыш жобаның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, әртүрлі этникалық топтардың жастарын мемлекеттік тілді оқытуда қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға үлес қосу болып табылады.

Осы шараға «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы облыстық кезеңінің жеңімпаздары «Өнер алды – қызыл тіл» мектебі номинациясы бойынша Жуалы ауданы, №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушысы Крестина Чакова және «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсы бойынша Шу ауданы, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Лунара Зайцева қатысты.

Шара соңында аталған оқушылар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың атынан диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Баспасөз орталығы