Үлкен ел – Үлкен отбасы

Үлкен ел- Үлкен отбасы

Уақыт барда, жақсылық жаса.  

Аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының өткен жылғы жасалған қайырымдылық акциясының қорытындысы Жамбылдықтарға жақсы таныс.Алыс елді мекенде тұратын мыңнан аса жерлестерімізге олардың жағдайларын жақсарту мақсатында қайырымдылық шаралар жасалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қайырымдылық керуенінің» бастауы жыл басынан күннен – күнге күш ала бастады.

Өткен аптаның жексенбісі күні Жамбыл қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде орналасқан облыс Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі мен «Ақ желкен» жастар лигасының шақыру бойынша «Түрксиб»- кешеніне жиналды. Осы жерде тағдырдың жазуымен ауыр жағдайға душар болған отбасыларына қолдау көрсету мақсатында этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен үлкен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрағасы М.Миражапова өз сөзінде: қыстың суығына қарамастан ауыр тағдырға душар болған отбасыларына қолдау көрсетуге шын ықыластарыңызбен келіп, концертке қатысқандарыңыз үшін сіздерге мыңда бір рахмет!-деп ризашылығын білдірді.

«Түрксиб» кешенінің залында үш сағат бойы «Explose» және «Колорит» топтарының және әншілер А.Беляева, Л.Аширова, А.Мингарова, М.Баяритова, Ролль және Тахминаның әндері орындалып, «Фабрика звезд» хореографиялық би тобы шығыс билерін нақышына келтіріп орындап, көрермендерде биге қатысты.Қайырымдылық шарасына арналып қойылған жәшіктерге біртіндеп қаражаттар түсе бастады.Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар жиналған қаражатқа көп балалы отбасы балаларына киімдер, тағамдар сатып алып береді.