ҚХА-ның XXXII сессиясынан кейін делегаттар жергілікті жерлерде ақпараттық кездесулері өткізуде

ҚХА-ның XXXII сессиясынан кейін делегаттар жергілікті жерлерде ақпараттық кездесулері өткізуде. Жамбыл облысында делегаттар мен басқарма мүшелері «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш кездесу 2 мамырда – Сортөбе және 3 мамырда – Қордай ауданының Казачин ауылдық округтерінде өтті.

Төраға Айша Идыбо кездесуге қатысушыларды ҚХА-ның XXXII сессиясының қорытындылары мен қойылған міндеттерімен таныстырды.

Сондай-ақ, А. Идыбо жамбылдық ҚР Парламенті депутаттарымен кездесулер туралы айтып өтті.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі