ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері марапатталды

Үстіміздегі жылдың 4-наурызында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің салтанатты жиыны мен “Бақытты ана-бақытты бала” іс-шарасы өтті.

Ұйымдастырушылар – Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі.  Қатысқандар – ҚХА Аналар кеңесінің  үлкендері мен жастары.

Мерекелік шараның шымылдығын Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова ашты. Өзінің алғы сөзінде Парида Иманжанқызы түрлі этнос өкілдерінен құралған облыстық ассамблея Аналар кеңесінің үлкенді-жас мүшелерін  аталмыш мейраммен құттықтап, алдағы күндері мен іс-қызметтеріне сәттілік, әдемі жүздеріне қуаныш, дендеріне саулық, қажымас қайрат, сембес күш-қуат тіледі.  Сонымен бірге, Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Сайдуллақызы да этномәдени бірлестік өкілдері мен кеңес мүшелерін 8-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады.  Осыдан соң,  өңірлік ассамблеяның іс-қимылдарына, яғни, мәдени-қоғамдық іс-шараларына аянбай атсалысқан  кеңес өкілдерін Алғысхаттармен  марапаттады. Атап айтсақ,  марапатталушылар қатарында – ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухабатхон, Кинжеханова Диляфруз – ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Изъятова Роза – «АХЫСКА» түрік этномәдени бірлестігінің  Аналар кеңесі төрайымы, Хуртуева Раиса – қарашай-балқар ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы, Ниязова Расима – еңбек ардагері, “Айнұры” татар-башқұрт этномәдени бірлестігі” қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Мурадова Гульнара – «Низами» Әзірбайжан ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы, Плетнева Аракси – Поляк тілі мен мәдениеті этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы, Куненова Пайза – Әулиета Қазақ мәдени  орталығының ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, Беляева Антонина – «Радонеж» орыс қауымдастығы Аналар кеңесінің төрайымы, Давлатова Гуьхумор- Тәжік ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы, Гаюпова Лобар – ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Худайбергенова Сабохат –  Қалалық Өзбек ЭМБ аналар кеңесінің төрайымы, Перфильева Наталья – «Шиват Цион» еврей ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы, Черняковская Олеся – заңгер, Жамбыл облысы  “Радонеж” қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Фризен Юля – Тараз қалалық № 7 мектеп-гимназиясының  директоры, Жамбыл облысы  “Радонеж қоғамдық бірлестігінің мүшесі”, Серікбаева Рахат -Тараз қалалық №34-жалпы білім беретін мектептің  математика пәнінің мұғалімі, Нуралиева Динара – Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, № 34 орта мектеп директоры, Нұрмолдаева Айсұлу -Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, Аширова Ольга – әлеуметтік жобалардың үйлестірушісі, “Жамбыл облысының немістер қоғамы” қоғамдық бірлестігі мүшесі, Дадабаева Иноят -өзбек этномәдени орталығы,  ЖК “Дадабаева” директоры, Досматова Гульмира – Өзбек этномәдени орталығы, ЖК “ТИМ”  директор, Туншанло Амине – Масаншы  «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігі жетекшісі, Джумабаева Хабиба – Жалпақ төбе “Вынхуа” ЭМБ, аналар кеңесінің мүшесі, Махмудова Булбул – ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының  Жамбыл облысындағы республикалық  филиалы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Умурзакова Саламат – «Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі мүшесі, Умбеталиева Амантур – «Жамбыл облыстық «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Новрузова Джахан – «Жамбыл облыстық әзірбайжан этномәдени орталығы «Хазар» қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің мүшесі, Даузова Кулсара Манкизовна-ҚХА аймақтық аналар кеңесі төрайымының орынбасары, Осипова Татьяна Ивановна – Неміс ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы бар.

Іс-шара Аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен этностардың қолөнер шығармашылықтарын халыққа, болашақ ұрпаққа дәріптеу және насихаттау мақсатында “Бақытты ана-бақытты бала” атты шеберлік кластарын өткізумен жалғасты. Шеберлік сағаттарында    Әлия Махашева – жиналған жұртшылыққа  Қазақ халқының әйелдер бас киімі кимешектің қалай жасалатындығы мен тігу әдістерін көрсетсе,  Бейбосынова Нұрхан – нәзік жандылар әшекей ретінде тағатын киізден түйіншектеліп жасалған жаңа үлгідегі моншақтардың  дайындалу әдістерімен таныстырды. Сондай-ақ, Динара Тілендиева – шеберлік дәрістеріне қатысушыларға әр алуан маталар құрақтарынан ұлттық нақышта жасалған өз авторлық картиналарын тамашалатып, оның жасалу жолдарын көрсетті. Шеберлік сыныбының ең таңқалдырған  шарықтау шегі де осы  атлас матасынан жасалған қабырға картиналары болды.  Барлық қолөнер жұмыстары да жиналған қауымды рухани азық алып, көркемдік баға беру жағынан бей-жай қалдырмады.

Жиын соңы шараға қатысушы барлық мейрам иелерінің фото-сессиясымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім”  КММ

 Баспасөз қызметі орталығы