ҚХА Аналар кеңесі Байзақ қарттарына қайырымдылық жасады

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде түрлі форматта ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларымен  биік. Осындай іс-шаралардың бірі – ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында өткен Қарттар күні.

Қайырымдылық дегенде қарап отыра бермейтін, жүректері мейірімділікке толы этнос өкілдері біріншіден, Байзақ ауданында болған жарылыстан зардап шеккен жандарға оларды ұмытпай қолда барын аямай атсалысуда. Бұған қоса, «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, қарттар күніне орай,  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова бастаған өкілдері қиын жағдайға ұшыраған Байзақ ауданының қарттарына қайырымдылық жасады. Атап айтсақ, Байзақ аудандық Қайнар ауылының 19 қарт тұрғындарына азық-түлік ретінде  көмек көрсетті. Игі қасиеттерден алыс қалмаған ҚХА Аналар кеңесінің көрсеткен көмегі қайнарлық қарттардың көтеріңкі көңілдеріне сеп болды.

Қайырымдылық іс-қимылдарының басында жүретін Аналар кеңесінің Қайнар қарияларына жасаған бұл жолғы көмектеріне де алғысымыз шексіз!

Жамбыл облысы әкімдігінің

 ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы