ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкіржан Кузиевпен кездесу жалғасты

    2022 жылғы 1 маусымда Жамбыл облысында ҚХА атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкіржан Кузиевтің алдағы бүкілхалықтық референдумның маңыздылығын түсіндіруге арналған кездесулер циклі жалғасты.  Бұл күні Зәкіржан Пірмұхамедұлы өңіріміздің Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесті.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ өкілдері, ауыл тұрғындары, ҚХА мүшелері, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Бүгінгі кездесудің алды Жалпақтөбе ауылында өтті. Кездесуге қатысушылар арасында осы оқу орнының қызметкерлері көп жиналды. Мәжіліс депутаты еліміздің басты Заңына ұсынылған өзгерістер туралы айтып, олардың өзектілігін халыққа түсінікті сөздермен түсіндірді.

Зәкіржан Күзиев Президенттің өкілеттігі ішінара мәжіліске және халыққа берілетініне назар аударды. Бұл дегеніміз, әрбір қазақстандық ел тағдырына жауапты және жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қоса алады. Ол сайлау үрдісінде барлық адамдарға, сайлауға қатысатын партияларға тең мүмкіндіктер беретін өзгерістерге назар аударды.

Соңғы кездесу Гродиково ауылының Мәдениет үйінде өткен тұрғындарымен кездесу боп саналды. З.Кузиев алдағы республикалық референдум туралы айтып, ҚР қолданыстағы Конституциясына ұсынылған толықтырулар мен түзетулерге қатысты негізгі мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, алдағы өзгерістер мен реформалар туралы айтып берді.

Елім, жұртым деп келген депутатқа қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға құзыретті жауаптар алды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

 “Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі орталығы