ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен кездесу өтті

2021 жылғы 11 желтоқсанда “Анаға тағзым” рухани-адамгершілік тәрбие орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздікке тәубе” акциясы өтті. Аталмыш іс-шара Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтті.

Сонымен бірге, іс-шараға Тараз қаласы және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты. Олар қазақ, өзбек, орыс, дүнген, тәжік, неміс, әзірбайжан, күрд және басқа да этностардың ұлттық тағамдарын ұсынды.

“Анаға тағзым” орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали қатысушыларды қоғамдағы әйелдердің мәртебесін арттыруға бағытталған Ұйымның қызметімен таныстырды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі – ана мен баланы қолдау екенін атап өтті: – Ел болашағы бесіктен басталады. Ана мен бала денсаулығын қорғау – Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының негізгі басым бағыты. Көп балалы аналарды одан әрі жан-жақты қолдау қажет.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі орталығы