Қостанай облысында орын алған табиғи өрт апатына байланысты облыстық ҚХА тарапынан ұйымдастырылған алғашқы шаралар туралы мәлімет

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы апатқа байланысты ҚХА мәлімдемесі жасалды. Осыған сәйкес 4 қыркүйекте  республикадағы барлық Достық үйлерінде жедел штабтар құрылды. ҚХА мәлімдемесімен өңірлік ассамблеяның барлық құрылымдары таныстырылды. Өңірдегі этномәдени бірлестіктер, аналар кеңестері, меценаттар, “Ассамблея жастары” тарапынан орын алған жағдайға байланысты каржылай және  гуманитарлық көмек жеткізу мәселесі бірауыздан мақұлданды. Мәселе құрылымдардың арнайы чаттары мен телефон арқылы талқыланды.

Алғашқылардың бірі болып өңірдегі түрік, ұйғыр,дүнген, қарашай-балкар, украин  этномәдени бірлестіктері көмек жинау акциясының басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, облыстық ассамблея кеңесі мүшелері де қалыс қалмайтынын білдірді.

Гуманитарлық көмекті үйлестіру  “Қоғамдық келісім” КММ-ге жүктелді. Жауапты тұлғалар мен арнайы шоттар белгіленді. Қазіргі кезеңге дейін келіп түскен көмек сомасы 955 мың теңгені құрайды.

Алғашқы көмек сомасын (300 мың) облыстық “Ахысқа” түріктері этномәдени бірлестігі жіберді, сонымен қатар 260 мыңға азық-түлік жеткізді. Аталмыш этномәдени орталық мүшелері Тараз қаласындағы «Amanat» партиясының ғимаратында орналасқан облыстық штабқа азық-түлік алып келді. Ал құны 260 мың теңге болатын бұл азық-түлік 40 отбасыға есептелген. Сондай-ақ, игі істі облыстық «Тараз 24» телеарнасы және республикалық «Atameken Business», «Хабар» телеарналары түсірді.

М.Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі 100 мың, қарашай-балкар этномәдени бірлестігі 50 мың теңге қаржы аударды.

«Днепро» украин этномәдени бірлестігі 25 мың теңге қаражат жинаса, облыстық өзбектер этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов зардап шеккен отбасыға 1 үй (3-4 бөлмелі) салып беретіндігін жеткізді. Бұған қоса, Облыстық тәжіктер этномәдени бірлестігі 200 мың, «Мирзоев Князь Ибрагимович атындағы ғылыми және мәдени мұра қоры» директорының міндетін атқарушы – Латиф Айдаров 100 мың, ҚХА меценаты Юрий Минаков  50 мың және Жамбыл облысы немістер қауымдастығы 100 мың теңге аударым жасады.

Бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желіге жүктеліп,таратылды. Әлі де қайырымдылық жұмыстары жалғасын табады.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы                                                        М.Жинақбаева