Қолөнер – мол өнер

Орта Азия халықтарының киім кию, тігу, өрнектерінде сан ғасырлы тарих бар. Киімінен мәдениеті, дәстүрі, талғамы мен тәрбиесі ерекше көрініп тұратын халықтың бірі – Өзбек этносы.

Бүгін, «Анаға тағзым» орталығында «Қолөнер-мол өнер» атты облыстық ҚХА Аналар кеңесі жобасы аясында қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі «Бойтұмар» шеберлер клубының тігіншілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара барысында Сабохат Худайбергенова бастаған аналар кеңесінің шебер өкілдері келіндер, ерлер, күнделікті киетін және той киімдерінің тігілу техникасын көрсетті. Этностық ерекшелікті айшықтайтын ою-өрнектерімен таныстырды. Өзбек аналары киімнің пішілу жолдары, заманауи тігін тігу ерекшеліктері туралы тігіншілерге толыққанды ақпарат берді.

Өзбектердің дәстүрлі киімдері негізінен көйлек, шапан, орамал және этикадан тұрады. Ал, олардың заманауи хит-сарпасы (ұлттық шапандары) қазіргі таңда заманауи үлгіде, әсіресе еуропалық киімдердің ағынымен сипатталады.

Жиын барысында сөз сөйлеген «Анаға тағзым» орталығының басшысы, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің басшысы Эльмира Мырза-Ғали әр ай сайын түрлі этномәдени бірлестік аналарының шеберлік сыныбы дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынын атап өтті.

Тігін тігіп, ою ойған қыз-келіншектер әсем әуен, әсерлі әңгіме айтып, шеберлік сыныбының шырайын келтірді. Аналар айтқан ақыл мен келісті кеңестер, терең тәжірибелер «Бойтұмарлық» тігіншілердің қабілетін тыңайтты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі