Қазақстан халқы Ассамблеясы – жастар үшін

4

12-13 тамыз аралығында Берікқара тау шатқалында Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктердің жастары арасында жыл сайын өткізілетін  «ҚХА жастары – 2016» бесінші форумы өтті.

Форумға 80-нен астам бозбала мен бойжеткендер қатысты, оның ішінде аудандық ішкі саясат басқармаларының этносаралық қатынастар саласы бойынша жұмыс істейтін жаңа тағайындалған мамандар да бар.

Сондай-ақ, форум жұмысына аудандардан келген үздік оқитын 19 оқушы қатысты.  Іс-шара барысында «Үлкен Ел-Үлкен отбасы» жобасы аясында облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің әдіскері Гүлназ Құлмамбетова балалармен бірге облыстық мұражайға, «Қарахан мавзолейі» мен «Көне Тараз» археологиялық мұражайларына барып, Тараз қаласының көне орындарымен танысты.

Форумның салтанатты ашылуы тау шатқалында орналасқан «Тау самалы» сауықтыру  кешенінде өтті.

Кіріспе семинар «Жамбыл облысы аумағында этносаралық ұлтаралық жағдайдың ерекшеліктері» атты тақырыпта ғылыми-эксперттік бөлімнің жетекші эксперті, философия ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің доценті Парида Мамедова жүргізді. Сонымен қатар форумның құрметті қонағы Аль –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология профессоры Валентина Тихомирова «Сыни ойлау мәдени феноменның бірі» атты тақырыпта өте қызықты семинар өткізді. Ал Халықтық қолданбалы өнерді дамыту бойынша әдіскер Вера Майковичтің «Заманауи дресс-кодта ұлттық киімдердің салт-дәстүрі» атты тақырыпта өткен семинары жиналғандардың қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.

М.Дулати атындағы ТарМУ-нің бітіруші курс студенті Әділет Алипбеков форумға қатысушыларға «Интернеттегі сөз бостандығы мен лексика төзімсіздігі: рұқсат етілген қырлары мен ықтимал салдары. Қазақстандық қамтуды талдау» тақырыбында дәріс оқыды. Кәсіби медиатор Лариса Сафонова да «Жастар арасында медиацияның ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқып, ҚХА –ғы жаңа бағытта жастарға өзінің құзыреттілігі деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Форумнан тыс уақытта қатысушылар мини-футбол, волейбол сияқты түрлі спорттық ойындар ойнап, «Тау Самалы» кешенінің әкімшілігі ұйымдастырған кешкі би кешінде көңіл көтерді.

Форум жұмысын облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Рано Убайдуллаева қорытындылап, қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.