Қайырымдылық – Жамбыл облысы ҚХА жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

ҚХА мүшелерінің, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің арасында шын жүректен мұқтаж жандарға көмекке асығатын меценаттар аз емес.

Өткен айда Айша Идибо басқарған  Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының этномәдени бірлестігінің өкілдері үй құрылысына үлкен материалдық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесінде олар ет пен басқа да қажетті өнімдерді жинап, үлестірді. Барлығы 2000 кг ет таратылды. Қайырымдылық көмек ретінде өсімдік майы мен кеспе де берілді.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған мұқтаж адамдарға көптеп көмек көрсетілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы