Қайырымдылық қадірлі іс!

Біздің барлығымыздың ортақ тілегіміз – еліміздің амандығы және Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі. Осы арқылы біздің әрқайсымыз бақытты өмірге сенімдіміз. Әр отбасының тыныштығы, әл-ауқатының өсіп, тұрмыс сапасының артуы бәрімізге маңызды. Тараз қаласы Шу ауданында үйі өрт құшқан еврей халқының азаматшасына Қазақстанмен қатар  алып мұхиттық арғы жағындағы қандастарынан да көмек қолы келіп жетті. Жаны жомарт жандар  зардап шеккен отбасыға барынша көмек көрсетті.

Жамбыл облыстық «Шиват Цион»  этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрайымы  Корнилина Людмила  Григорьевна Шу ауданында  үйі өртенген Ивашкина Татьяна Абрамовна және  оның мүмкіндігі шектеулі әрі   іс-әрекетке қабілетсіз ұлына көмек көрсетті.  Қарт әйелдің қайғысына  Шымкент қаласының еврей қауымы да  ортақтасып  175 000 мың теңге ақшалай жәрдем жасады. Аталған көмекті зардап шеккен отбасының есебіне еврей қауымының мүшесі, үйлестіруші Белла Атран жіберді. Сондай-ақ, қауымдастықтың кеңсесіне қайырымды жандардың көмегі ретінде тұрмыстық қажетті заттар, төсек-орын жабдықтары,  ыдыс-аяқ,  азық-түлік және ақша түрінде    көмек көрсетілген.

Қайырымды іс жасаудан Америкадағы еврей этносының өкілдері де шет қалмады.  «Джойнт» атты америкалық еврей үйлестіруші  комитетінен  200 000 теңге  бөлінсе,  Тараздағы еврей этносы 40 000 теңге жинап берді. Демеушілердің көмегімен жиналған ақшаға сатып алынған құрылыс материалдары мен басқа да қажетті заттар Людмила Григорьевна мен Тараз қаласындағы еврей этносының үйлестірушісі Наталья Перфильева арқылы  Тараз қаласынан Шу ауданына зардап шеккен отбасыға жеткізілді.

Зардап шегуші отбасыға барлығы 415 000 теңгеге қайырымдылық көрсетілді.

Назерке Оңғар

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы