«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым»

         31 мамыр күні  Достық үйінің мәжіліс залында («Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында)  «Тарихтан тағылым – өткенге   тағзым» атты саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған        тақырыптық  кеш өтті. Аталмыш іс-шараны Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Тақырыптық кешке өңірлік этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, «Ақ желкен» жастар лигасы қатысты.

Сөз «Вайнах» Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамзан Магомадов пен Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі орталығы  және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Кальковаға берілді.

Өз сөзінде Рамзан Магомадов:  «Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен  қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.  Бұл – тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың  ұлағатты ісі» -деп атап өтті.

Лариса Калькова: «Қадамын анық басып, «Мәңгілік Елдің» іргесін қалаған Қазақстанның болашағы баянды болатыны сөзсіз. Еліміз шырқау биікке бет түзеген сайын өткеннен сабақ алып, тарихтың қасыретті беттерін ешқашан ұмытпайтын боламыз. Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады!» – деді. 

Кеш театрландырылған көрініспен ұласып, концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі