«СУДАРУШКА» АНСАМБЛІНЕ 20 ЖЫЛ

2017 жылдың күзі “Сударушка” халықтық-фольклорлық ансамблі үшін мерейлі болды.  2017 жылы 27 қазанында ұжым 20 жылдық мерейтойын туған сахнасы –  Тұрар Рысқұлов ауданының Мәдениет үйінде атап өтті. Ансамбльдің  концерттері тыңдаушылар үнемі асыға күтеді. Жан-жақты ойластырылған мерейтойлық концерттің бағдарламасы ұжымның тынымсыз еңбегі мен өнерге деген үлкен махаббатын көрсетеді.

Концерт Айгүл Сагынбайкызының “Менің қазақстаным” деген әнімен ашылды. Бұл ән кештің салтанатты сипатын құрып, көрермендерге  жылы көңіл-күй сыйлады. Ұжым ішінен құрылған дуэт, трио және жеке әншілер де ән шырқады.  Сондай-ақ, Е. Птичкин, А. Буйнов, Т. Романов, С. Дубровин, И. Колесова, А. Бегей сияқты көптеген танымал композиторлардың  тамаша әндері орындалды.  

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімдігінің  “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан Бабақұлова Ұлтуар Қуанышбайқызы және Убайдуллаева Рано Максудқызы ансамбльді құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. 

«Сударушка» ансамблінің  шығармашылық жолы осыдан 20 жыл бұрын басталған.  Ал бүгін “Сударушка” – бұл белсенді шығармашылық қызметі арқылы адамдарға қуаныш сыйлайтын, халық әндерін қайта жаңғыртатын  ерекше  ұжымдардың бірі. Бүгінде ансамбль – облыс қана емес, бүкіл республикамыздың сыйлы қонағы. 2004 жылы «Халықтық» атағын алғаннан кейін, «Сударушка» әлі күнге дейін оны ойдағыдай растап келеді. Ал бұл өз кезегінде олардың жоғары біліктілігін көрсетеді.

Құрметті «Сударушка», сіздер 20 жыл бойы бізді өздеріңіздің жарқын концерттеріңізбен және белсенді шығармашылық өмірлеріңізбен қуантып келесіздер. Сіздердің  орындауларыңызда шырқалған ән әрқашан тыңдаушылардың жүректерінен орын табады.

Көпжылдық  еңбектеріңіз үшін  баршаңызға ризашылығымызды білдіреміз.  Сіздерге сарқылмас оптимизм, өркендеу және жаңа шығармашылық жетістіктер, отбасыларыңызға денсаулық пен амандық, қуаныш пен жақсылық тілейміз».