ШАТТЫҚ МЕРЕКЕСІ

Әр бала жаздың жайма шуақ күндерін асыға күтетіні белгілі. Балаларлы қорғау күні олар үшін үш айға созылатын жазғы демалыстың бастамасын білдіретін мереке іспеттес. Осыны ескерген облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен  Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері жамбылдық бүлдіршіндерге арнап керемет мереке ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар өңірлік этномәдени бірлестіктердің бүлдіршіндері мен жағдайы төмен отбасы балаларына, сонымен қатар өзге де жасөспірімдерге нағыз мейрам сыйлады.

Шараға 200-ге жуық ұл-қыздар қатысты. Олар түрлі-түсті борлармен Достық үйі алаңына қиялындағы суреттерін салды. Сый-сияпатсыз қалмады, әрине. Әр балаға тегін кепка мен балмұздақ таратылды. Ал үздік сурет авторлары бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі