Сарысу ауданындағы аймақтық дөңгелек үстел

 2018 жылдың 5 қазанында Сарысу ауданының Аристандия кентінде «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі» атты аймақтық дөңгелек үстел өтті. Отырысқа Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері, Сарысу ауданы Ақсақалдар кеңесі өкілдері, сондай-ақ, ҚХА медиаторлары қатысты. Бұл шараның мақсаты қоғамдық келісімнің қамтамасыз етілуінде медиация институтын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау. ҚХА медиаторы – Таңатаров Шапай медиация туралы және азаматтар арасындағы даулар мен қақтығыстарды шешуде оны қолдану туралы айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аудан тұрғындары үшін кеңес беру және әдістемелік кездесулер өткізу туралы ұсынысты қолдады.