Дәл осындай күн тәртібімен 24 мамыр күні Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Аталмыш жиынға Жамбыл облысы ҚХА мүшелері,  Тараз қаласы және аудан әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясының күн тәртібінде облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Кәрім Көкрекбаевтың «Рухани жаңғыру – жалпыұлттық ұстаным» баяндамасы, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 4-ші бағытының орындалуы туралы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының даму тұжырымдамасы бекітті (2025 жылға дейінгі) және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасарын тағайындады.

Облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Кәрім Көкрекбаевтың «Рухани жаңғыру – жалпыұлттық ұстаным» атты баяндамасында Елорда төрінде Елбасының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясын тілге тиек етті. «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен – бұл сессия  елдің саяси-экономикалық, мəдени-рухани өмірінде Ассамблеяның алатын орны ауқымды екенін көрсетті. Оның қызметін жаңа сапалық деңгейге көтерді.

Елбасы өз сөзінде «Бірінші. Туған жер жобасы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып береді. Екінші. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керек. Біздің қаншама замандастарымыз, қаншама Ассамблея белсенділері ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек», – деп атап өтті. Ассамблея алдына үлкен міндеттер қойылды. Бірнеше маңызды жобаны іске асыруды тапсырылды. Сондықтан да, бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты –жүктелген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру жолдарын айқындау» – деп облыс әкімі атап өтті.

Сонымен қатар,  «Золотой караван» туристік орталығының директоры Альбина Веймер «ЭКСПО-2017» халықараларық көрмесі аясында облыстың тарихи-мәдени орындарын насихаттау шаралары, «Бахор» шаруа қожалығының мүшесі, аудандық депутат Бабыр Хасанбаев Ұлттық бірлік пен келісім негізінде жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру бағытындағы жұмыстары, Талас ауданынан келген көп балалы ана Ульяна Ким отбасылық құндылықтар, ана мен бала арасындағы қарым – қатынас, қамқорлық мәселелері,  «Береке» гуманитарлық – техникалық коллледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Камиля Дургалова мемлекеттік жастар саясаты, аудандық этномәдени орталықтың жұмысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округының әкімі Сулхадин Мустафаев 100 нақты қадам –  Ұлт жоспарының 4-ші бағытының орындалуы туралы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз сөйледі.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі