Мектепке апарар жол

Елімізде жыл сайын 1 қыркүйек – білім күніне орай «Мектепке апарар жол» жалпы республикалық қайы­рым­дылық акциясы өтеді. Дәстүрге айналған шара биылғы жылыда әдетінен жаңылмай жалғасын тапты.1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін созылатын акцияның басты мақсаты – аз қамтылған көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болып табылады. Биылғы жылы іс-шараның ұраны: «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету». 

«Мектепке апарар жол» акциясын Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктің өкілдеріде ұйымдастырды. Шараға обылыстың түпкір –түпкірінен жиылған  бүлдіршіндер әуелі сәні мен салтанаты үйлескен Достық үйі ғимаратының ішіне экскурсия жасап, Вера Майкович әзірлеген көрменің көркем суреттерімен танысты.  Игілігі мол іс-шара шымылдығы  Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаеваның бүлдіршіндерге деген тілегімен түрілді. Әр түрлі этномәдени бірлестіктерден жиылған балдырғандарға түркі тілдес халықтардың ертегі кітаптары үлестірілді.

Шара барысында   «Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Турдыева Мухабат  Абдрахмановна  балаларға базарлық ретінде жаңа оқу жылына арнап мектепке қажетті құрал-жабдық салынған сөмкелер таратып, оларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.Сондай-ақ, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы»  қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Узденова Леля Ахматовна жиналған бүлдіршіндерге арнап мектепке ұстайтын рюкзактар сыйлап, болашақтарынан зор үміт күтетінін айтты.

Акция соңында мәдени көпшілік іс-шаралар бөлімінің балаларға арналған шағын концерттік бағдарламасы ұсынылып, ән мен биден шашу шашылды.

Жамбыл облысы әкімі аппартының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Назерке ОҢҒАР