Жамбылда журналистер клубының кеіңейтілген мәжілісі өтті

 

            Ағымдағы жылдың қазанында «Этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы журналистердің рөлі» тақырыбы аясында журналистер клубының кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиынға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы мен атқарып жатқан әрбір іс – шараларын көзі қарақты оқырманға айна қатесіз жеткізіп, көп ұлтты еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығын арттыруда кеңінен ақпарттандырып жүрген облыс көлемінен онға жуық  тілшілер жиналды.

            Журналистер клубының кезекті отырысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы жарыққа шығып жатқан әрбір материалдарға жеке-жеке тоқталды.

            Журналистер клубының құрылуындағы басты мақсат – мемлекеттік төзімділікті, этносаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени тұтастықты нығайтуға ықпал жасау. Сондай-ақ, журналистикалық этиканың принциптерін сақтау, дамыту және енгізу тақырыптарын жариялау мәселелерінде журналистік қауымдастықта жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

            Ал, клубтың басты міндеті – Мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, этносаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөнінде ұсыныстар дайындап, ақпараттық материалдарды баспа түрде, электрондық тасымалдауыш арқылы аудио, видео, фото, кино өнімдері түрінде дайындап шығару және тарату.

            Кездесу барысында журналистер клубының жаңа мүшелері тағайындалды. Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған журналистер клубының құрамында: Утепова Бибигуль Шайзадановна – Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз бөлімі басшысының  міндетін атқарушы, клуб төрайымы, Есаманов Хамит – Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, клуб мүшесі, Михайл Тё – Республикалық «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, клуб мүшесі, Есет Досалы Жаңабайұлы – Облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі, клуб мүшесі, Сұлтанбек Тұрсынбек – Облыстық «Ар-Ай» жастар газеті бас редакторының орынбасары, клуб мүшесі, Мазур Василий Павлович – Облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі, клуб мүшесі.

            Кезегімен сөз алған клуб мүшелері құрылғалы отырған бірлестіктің формальді емес, шығармашылық негізге бағытталатынына тоқталды. Бұл бас қосуда алған тәжірибелер күрделі тақырыптық мәселелерді өздерінің болмаса басқада БАҚ беттерінде жариялауда кәсіби шеберліктерін ашуға үлкен көмегін тигізеді. Журналистердің азаматтық бірлік мәселелерін ашып көрсетуде және Қазақстан халқы ассамблеясына, этномәдени бірлестіктер жұмысы жайлы мәселелерді жарыққа шығаруда клуб журналистерінің жауапкершілігі мен кәсіби шеберліктерін сақтауды қамтамасыз етеді.

                                                     Жамбыл облысы әкімі аппаратының

                                       «Қоғамдық келісім» КММ

                                 Баспасөз қызметі