Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің 2017 жылы атқарған жұмысы жайлы қорытынды есебі

2018 жылдың 29 қаңтары сағат 11.00-де Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің 2017 жылы атқарған жұмысы туралы қорытынды есеп беру жиналысы өтті. Жиын Жамбыл облысы ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Маржан Қожаеваның төрағалығымен өтті.

Аталған іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының мамандары, облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Қоғамдық келісім кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі мен жастар лигасы және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Мақсұтқызы 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы қорытынды жұмысын баяндады.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің негізгі мақсаты Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар өңірлік ассамблеяның жоспарына сәйкес жүргізілді»,-деп атап өтті Р.Убайдуллаева.

Жалпы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының айтуынша, ұлттық бірегейлікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында мекеменің қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту стратегиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2016-2017 жылдарға арналған қоғамдық-саяси іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Бүгінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 175 Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Олардың қатысуымен қоғамдық маңызды 512 іс-шара өткізілген оның ішінде 37 шара өңірдегі діни жағдайды тұрақтандыруға бағытталған.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» форумы, «Ана тілім-айбыным» тілдер фестивалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бақытты бірлігі жарасқан отбасы» тақырыбында мектеп оқушылары арасында мемлекеттік тілде үздік эссе байқауы өткізілді.

Қорытынды есеп өңірдегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, облыстағы этномәдени бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, тілдер мен  ұлттық салт-дәстүрлерін дамыту, облыстық  ассамблеяны ғылыми-сараптамалық суйемелдеу жұмысы, этносаралық сұрақтар бойынша консультациялық көмектердің берілуі, өткізілген көпшілік  іс-шараларды ұйымдастыру және медиация институтын дамыту бағыттары аясында жүргізілді.

2017 жылы өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және оны насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі форматта 1137 материал жарық көрді. Оның ішінде республикалық және облыстық газеттерде 647 мақала, телеарналарда 218 сюжет көрсетілсе, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік сайттарында 272 материал жарияланған.

Жиналыс барысында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары Парида Мамедова, Облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Любовь Гор, «Ақжелкен» жастар лигасының төрағасы Зайнутдин Махусеев және Жамбыл облысы немістер қауымдастығының төрағасы Александр Гибнер өткізілген жұмыстар бойынша баяндама жасап ұсыныстарын білдірді.

Жиналыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметіне қанағаттанарлық баға берілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі