Еврей этносы күндері өтті

-14

Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасының шеңберінде еврей мәдениетінің күндері болып өтті. Оны аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен «Шиват Цион» еврей мәдени орталығы ұйымдастырды. ушылар ымен Оқушыларды еврей халқының мәдениеті мен Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесмен таныстырды.

Байзақ ауданының жас жеткіншектері алдында «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығының төрайымы Людмила Корнилина, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева мен аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Махан Махамбетов сөз сөйлеп, берекелі елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтап қалу үшін  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін атап өтті. Бүгінде облысымызда 100-ге жуық өзге ұлт өкілдері тұрып жатса, 74 этномәдени орталықтар жұмыс істеуде, олардың ішінде еврей этномәдени орталығы ең алдыңғылардың бірі болып құрылған деп айтуға болады.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Михаил Бунин қазіргі заманғы Қазақстанымыздың аумағына еврей халқының қашан және қалай келгені туралы баяндап берді. Олар орта ғасырда Ұлы Жібек жолымен саудагерлер қатарында жүріп өткен. Кейінірек 1825 жылы Семей округінде 12 адамнан тұратын «иудей діни сеніміндегі» қауым тұрақтайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында КСРО-ның европалық бөлігінен Қазақстанға 100 мыңнан астам еврейлер күштеп қоныс аударылды.

Олардың көбі әр жылдары біздің еліміздің мәдениеті мен экономикасына орасан зор үлес қосты. Мысалы, Борис Гиммельфарб деген ғалым Қаратау таулы қыраттарында фосфориттік кендерді тапқан гелогиялық зерттеулердің тобын басқарды, музыкатанушы және композитор, өнертану ғылымының докторы Борис Ерзакович қазақ музыка фольклорын зерттеп жинақтаған, халық ақындары жайлы кітаптар   шығарған, қазақ музыкасының белгілі өкілі, композитор Евгений Брусиловский қазақ операсының, симфониясының, кантата, сюита, өлеңдер мен романстарының авторы ретінде танылған.

Осындай елге танымал, белгілі кісілердің қатарында біздің жерлестеріміз, көп жылдар бойы Жамбыл ГРЭС-ін басқарған Михаил Кукуйді, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР-нің ең алдыңғы қатарлы «Трудовой пахарь» (қазіргі Түймекент ауылы) колхозының төрағасы болған Александр Нахмановичті байзақтықтар жақсы біледі және әрдайым естерінде сақтайды. Тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне бүгінгі күні жастарымыз да атсалысып келеді. «Машхана» жастар қанатының мүшелері еврей этномәдени бірлестігі мен өңірлік ассамблеяның барлық іс-шараларына белсенді түрде араласады. Бүгінгі іс-шарада олар Тараз қалалық №2 және №16 орта мектептерінің оқушыларымен бірлесіп ауыл тұрғындарына үлкен концерттік бағдарлама дайындап келді. «Хава нагила», «Атамекен», Құрманғазы күйі, хорезм биі және басқалары көрермендердің көзайымына айналып, кошеметіне бөленді.

Кездесу соңында қоғамдық бірлестіктің белді мүшелері мен оқушыларға «Қоғамдық келісім» КММ мен «Шиват Цион» еврей этномәдени орталығының атынан мақтау қағаздары табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.

Медиация – жаңа даму кезеңдері

-13

Жуырда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметкерлері мен «Бітімгер» медиация және құқық орталығының медиаторлары «дөңгелек үстел» отырысында бас қосты.

Қатысушылар жиын барысында медиация саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды ортаға салып, талқылады. Орталық басшысы Лариса Сафонова, алдағы  уақытта кәсіпқой емес медиаторлар ретінде есептеліп келген әлеуметтік медиаторлар Қазақстан халқы Ассамблеясының, сонымен қатар қалалық және аудандық әкімдіктер реестрінде есепте тұратынын және оған қатысты барлық құжаттар өңірлік ассамблеяларда сақталатындығын айта келе, әлеуметтік медиаторлардың жас шамасы қырықтан асуы, жоғары білімі болуы және арнайы оқу курстарын өтуі шарт екендігін ескертті.

«Сонымен қатар, келесі жылдан бастап, барлық мемлекеттік мекемелерде жаңа штаттық бірлік ашылып, кәсіби медиаторлар мектептерде, жоғары оқу орындарында, тағы басқа мекемелерде жұмыс істейтін болады. Ал олардың жас шамасы отыз жасқа дейін төмендетіледі. Бұл елімізде медиацияны дамуытудағы тағы бір қадам болып есептеледі», – деп, сала  жаңалықтарымен бөлісті.

Мұндай жаңалықтар өз кезегінде, медиация саласының дамуына үлкен қадам жасайды.  Себебі, медиация, этносаралық қарым-қатынастардағы шиеленісудің алдын ала  шешілуіне үлкен әсер етеді.

Кездесу соңында қатысушылар болашақта медиацияның мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық институттар жұмыстарына енгізілуі  қоғамымызда  орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар мен жанжалдардың алдын ала  шешілуіне зор ықпалын тигізетініне сенім білдірді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының 

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Ортақ мақсатқа бірге барамыз

-12

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен өтіп жатқан «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай облыс ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерін, сонымен аналар, ақсақалдар және қоғамдық келісім кеңестері мен «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелерін Жуалы ауданындағы А.Гайдар атындағы мектепте дәм-тұзбен қарсы алды.

«Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанының мақсатымен және алға қойған міндеттерімен облыс Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ұлтуар Бабақұлова таныстырып өтті.

– Бүгінгі біздің қайырымдылық науқанының басты мақсаты қазақстандық қоғамдағы  ұлтаралық келісім мен азаматтық бірегейлікті дамытуда және «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының орындалуында этномәдени бірлестіктер мен  жастар ұйымдарының рөлін арттыру.

Ассамблея мүшелері мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері алты топқа бөлініп әртүрлі семинар-тренингтер, кездесулер, «дөңгелек стол» отырыстары мен спорттық ойындарды ұйымдастырды.

«Қоғамдық келісім» КММ жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби емес медиаторлар жұмысы туралы семинар-тренинг өткізсе, ғылыми-сараптама тобының мүшелері Зарина Кулиева мен Ербол Каншымбеков «Ауылды жерлерде қайырымдылық акциясын өткізуде жастар бірлестіктерінің рөлі» тақырыбы аясында әңгімелесті. Облыс ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы төрағасының орынбасары, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Алихан Ахметов ауылдық округ  жастарымен кездесіп «Еліміздің болашағы – жастар» тақырыбында әңгіме-дүкен құрды. Салауатты өмір салтын ұстану орталығының қызметкерлері мен Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова көп балалы, үй шаруасындағы және батыр-аналармен кездесуде жүрек-талма аурулары мен бойжеткен қыздар арасында тәрбие жұмысын педагогтар ата-аналармен бірлесіп өткізуі керектігін айтты. Мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Қоғамдық келісім» КММ мәдени ұйымдастырушысы Ерболат Естемес пен Алихан Ахметов Қазақстан халқының ұлттық ойындар спартакиадасын өткізді. Ал әдіскер Вера Майкович болса оқушылармен қағаздардан әртүрлі бұйымдар жасаудан шеберлік сабақтарын өткізіп, оқушылардың шеберлігін бағалады.

Жүрек тебірентер әрі көңілге жылылық ұялатар мына кездесуді атап өтпесе болмас. Қонақтар Көлбастау ауылының көп балалы, тұрмысы төмен бес отбасыға түрлі азық – түліктер жеткізіп берді. Онда қап-қап ұн, картоп, пияз, күріш және күнбағыс майлары да бар. Ауыл тұрғындары  ассамблея мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп жатты.

Қайырымдылық керуені «Ортақ мақсатқа бірге барамыз» атты ән-би фестивалімен аяқталды. «Ақ желкен» жастар лигасы мүшелері мен аудандағы этномәдени бірлестіктер өкілдері, оқушылардың қатысуымен өткен фестиваль көпшіліктің көзайымына айналып, өнерпаздар қошеметке бөленді. Фестиваль «Халқым-ай» әнімен ашылып, өзбек, шешен, әзірбайжан, славян, ұйғұр ұлттық ән-билеріне ұласты. «Қайырымдылық керуені» акциясы жуалылықтардың көңілінен шығып, алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың ауданда өтуіне ниеттерін білдірді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі. 

 

«Мәдениет, салт-дәстүр және отбасы құндылықтары» жобасы аясындағы кездесу

-11

Өткен жылы Тараз қаласында салтанатты ашылуы болған «Орен ТВ» телеарнасы бүгінде  онлайн-режимде бірнеше кездесу циклдерін өткізді.

 «Мәдениет, салт-дәстүр және отбасы құндылықтары» атты жоба аясындағы кездесуге ҚХА мүшелері, Сантк-Петербург, Челябинск, Астана және Тараз қалаларының «Шиват Цион» еврей этномәдени бірлестігінің, «Машхана» жастар қанатының мүшелері мен қалалық орта мектептерінің педагогтары қатысты.

Россияның «Жақсы орта» сайтының басшысы әрі жүргізушісі Дмитрий Лысак пен Израиль елінің режиссері, сценарист, продюсер, киноакадемия ұстазы, лектор  Семен Винокур жиналғандарға «Еврей ұлтының өркениеті, бірі тіл мәселесі мен дүниежүзілік өркениетке әсері» тақырыбы бойынша қызықты дәріс оқыды.

Дәріс барысында әр әрпі терең ұғымды білдіретін ежелгі иврит тілі туралы және еврей қауымдастықтарының достық қарым-қатынасты берік ұстайтыны туралы айтылды.

Іс-шараға қатысушылар  өз орталарында отбасы мен рухани құндылықтар, отбасындағы сабақтастықтың маңызы мен дәстүрдегі моральдар аясында әңгіме өрбітіп, өткізілген телекөпір туралы ойларымен бөлісті.

Ғылыми жобалар байқауы

-9

Тараз қаласында Қазақстан халқы Асамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен  жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалардың облыстық байқауы өткізілді.

«Бүгінгі байқау ғылыми қауымды Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен  жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге ықпал ететін зерттеу жұмыстарына тарту аясында ұйымдастырылып, өткізілуде. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми-зерттеу жұмыстарының басылып шығарылуына қолдау көрсете отырып, бейбітшілік пен келісімді ілгерілетуге бағытталған ғылыми зерттеулерге қолдау жасау», -деп атап өтті комиссия мүшесі Лариса Лысова.

Байқауға екі философия және екі тарих ғылымдарының кандидаттары, «Мәңгілік Ел» оқу орталығының әдіскері және жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі қатысты.

Байқауға қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми тұрғыдан дамытуға үлес қосатын  ғылыми-зерттеу еңбектері, сонымен қатар, инновациялық тәсілдер әзірлемелері ұсынылды. Жұмыстар мемлекеттік және орыс орындалған. тілдерінде жіберілді.

Үздік деп танылған жұмыстар әрі қарай республикалық деңгейде өтетін байқауға  жіберіліп,  қатысушылардың барлығына арнайы  дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.

Ақсақалдар сөзі – заң

0

Жамбыл облысының көпұлтты халқының арасында дүнгендер – саны ең көп этнос болып есептеледі. Олар өздерінің мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтап және өз тіліне деген құрметін жылдан жылға арттырып келеді. Жастарын еңбекқорлыққа, өзара сыйластыққа, қонақжайлылыққа және патриоттық сезімге тәрбиелейді.

– Нәтижесінде дүнген халқы арасында жастардың  үлкендерден үлгі алып, оларды құрметтеуі, сөздерін екі етпей орындауы қалыптасқан. Жуырда ақсақалдарымыз жастар арасындағы келеңсіз жағдайлардың орын алуы олардың ішімдікке құмарлығынан туындайды деген ой тастады, – деді өз сөзінде Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнген мәдени орталығы  қауымдастығының басшысы Руслан Исмазов. – Осылайша ақсақалдар мен мешіт имамдары кәсіпкерлерге барып,  барлық дүкендерден ішімдік және мүмкіндігіне орай темекі өнімдерін алып тастауды немесе шектеуді сұрады. Қордай және Жамбыл аудандарындағы бірнеше дүкендерден аталған өнімдер тіптен алынып тасталды.

Осындай шараның қолданылуының нәтижесін ауыл тұрғындары тез-ақ сезінді. Себебі, ауылдарда тәртіп бұзушылық едәуір төмендеп, жастар салауатты өмір салтын ұстана бастады.

Ақсақалдарымыздың арқасында басқа да осы іспеттес шаралар жиі қолданылып тұрады. Айталық, жастар некелерін қияр сәтте мешіт имамдары алдында дін және отбасылық қарысм-қатынас этикасы мәселелері бойынша бірнеше сұраққа жауап берулері тиіс. Бұл олардың отбасылық өмірінде үлкен маңызға ие болатыны анық.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде жастарымыздың тәрбиесіне, олардың қоғамда өз орындарын табуларына үлкен мән береді. Бұл орайда қоғамдық келісім кеңестерінің атқаратын рөлі зор, себебі олар өсіп келе жатқан жас ұрпақпен көптеген кездесулер, әңгімелесулер өткізеді. Оларда терроризм мен экстремизмнің қаупі туралы, бейбітшілік пен келісімді нығайта және сақтай отырып, Қазақстанды мекендейтін этностардың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеу керектігі кеңінен айтылады. Мұндай жұмыстың жақсы нәтиже беретіні анық, сол себепті олар әрі қарай да жалғасын табады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.  

«Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны

-8

29 қыркүйек сағат 10-00де «Қазақстан»  ұлттық телеарнасында  «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны бастау алады. Ұйымдастырушылары болып бой көрсеткен Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қазақстан» РТРК, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ҚҚ, көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтарына қайтарымсыз жәрдем беруге арналған кең ауқымды шара.

Бұл қайырымдылық пен бірлік акциясы – барша халықты  жақсылық пен жылулықты бөлісуге үндеу. Қымбат ем алуды қажет ететін ауыр науқасқа шалдыққан балаларға және тұрмыстың тауқыметіне душар болған азамттарға көмек ретінде қаражат жинау үшін ұйымдастырылған шара.

Қайырымдылық телемарафонын коғам қайраткерлері, депуттаттар, ақын – жазушылар, спортшылар, дәрігерлермен ауыр науқасын жеңгендер қолдады. Ал Қостанай, Өскемен, Орал, Тараз және Алматы қалалары тікелей эфирге қосылады. 

Айта кету керек, жоба біріші рет ұйымдасытырылып отырған жоқ. 2016 жылдың сәуір айында алғашқы «Шын жүректен» аса ауқымды қайырымдылық телемарафоны жүзеге асырылды. Үшкүндік телемарафон қорытындысы бойынша шамамен 41 миллион теңге жиналды, ал көмекке зәру балалардың барлығының есепшоттарына 700 мың теңгеден аударылды.  Қауырт желі, интернет-портал және әлеуметтік желідегі арнайы парақша арқылы 1000-нан астам өтініш түсті.

«Шын журектен» жобасындағы қаржылай көмекке зәру балалардың арасында бес жасар Аружан Ниязбекте бар.                  

Өзінің кішкентай жасына қарамастан басына  жеті рет ота алып үлгерген. Айарудың диагнозы – туа біткен окклюзионалды гидроцефалия. Ілеспе диангозы: созылмалы вегативті жағдай. Оң жақ бүйірі шығып кеткен, спастикалық жағдайда. Табандары эквинусно – варусты деформация. Көру жүйке жүйелері толық атрофия.

Айарудың Анасы – Айгерім Сәрсенқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық қорына, қызының емі үшін көмек сұрап жазған  хаттамасына жағымды жауап алған болатын. 

-8-8

Қазақстандық ізгі жандардың арқасында  Айару Новосибирск қаласындағы САНИТАС ауруханасында қымбат ем-дом  қабылдап келді. Кешенді емнен кейін Айарудың денсаулығында біршама өзгерістер байқалуда, Анасының айтуынша жақсару динамикасы анықталуда.  

Сіздің жоғары әлеуметтік жауапкершілігіңізді ескере отырып, біз сізді алдағы өтетін телемарафонға атсалысуға шақырамыз.

Бүгінгі таңда бізге қолдау көрсеткендер «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры, «Казатомпром» ұлттық компаниясының қызметкерлері, «КазПочта», «Kegoc», «Казахтелеком» және де т.б.

Бізбен жедел байланыс нөмірлері арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 48-63-19, 8 (7172) 57 64 49, 8 708 425 49 45

Есепшот:

ИИК KZ54319Y010000361999

БИК ABKZKZKX

АО «БТА Банк» Филиал «Астана»

БИН 090 240 010 377  КБе 18

29 қыркүйек күні  118 шұғыл телефон желісі қызмет етеді, сонымен қатар қоғамдық желілерде #ШынЖуректен хэштегімен жазылған хаттарда назарда болады. 

Құрметпен, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Қоғамдық қоры!

Көне Тараз – достық аумағы

-7

Жамбыл жерінің тарихы терең және бай. Өзіндік ерекшелігі бар жұмбақ өлке. Тауы мен суы, құмы мен шөлейті бар өлке. Кімде кім Жамбыл жерінде болса жүрегінде осы өлке туралы керемет бір естелігін сақтап қалады.

Жуырда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Көне Тараз – достық аумағы» атты облыстық фестивалі өтті. Көрермендерге толы зал облыстағы әртүрлі этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін жинады. Фестивальды «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров ашты. «Тараз – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Қаламыз арнасынан аспай, толқымай жәй ғана ағып жатқан өзенге ұқсайды. Тарихы мол бейбіт қала. Бүгінде аймақтық ассамблея этносаралық келісімді нығайту мен сақтау барысында мыңдаған іс-шаралар өткізілуде, олар халықты өз елінің патриоты болуға, этносаралық қарым-қатынас пен мәдениетті нығайтуға тәрбиелейді. Құрметті қонақтар және көне Тараз жерінің тұрғындары, біз сіздерге фестивалімізге қош келдіңіздер дейміз», – деді өз сөзінде ол.

Фестивальды «Ақ кербез» биімен «Бозторғай» ансамблі ашса, «Арт-Мэн» тобы «Құс қанат ғұмыр» әнімен жалғастырып жиналғандардың көзайымына айналды. Сондай-ақ көрермендер Осман Делихасан-оглының орындауындағы күрді әнін, Арипова Эльмираның орындауындағы дүнген халық әнін, Ахметшина Рузаляның орындауындағы «Гармун алыйк» татар әнін, Вятчина Тамараның орындауындағы еврей халқының «Хава нагива» әндерін тыңдады. Ал Меркі ауданынан келген Серова Александра и Шидокова Зухра  «Кавказ» әнін қарашай тілінде орындаса, Жуалы ауданынанан келген әзірбайжан қызы Саядова Милана қазақтың ұлттық аспабы домбырамен «Салкүрең» күйін орындап шықты.

«Арт-Мэн» тобының орындауындағы «Ұлы дала» әнін жиналған көрермендер қосыла шырқады. Фестиваль соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі. 

«Менің отбасымның дәстүрі» байқауы

-6

Жамбыл облысында «Үлкен ел-Үлкен отбасы» жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында «Менің отбасымның дәстүрлері» атты облыстық байқау басталды.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастар қауымы мен БАҚ қатысты.

Байқау қонағы, облыстық Қазақстан  халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева құттықтау сөзінде «Бүгінгі ұйымдастырылып отырған байқау отбасы құндылықтары мен отбасы-демографиялық саясатты насихаттау аясында өткізілуде. Біздің басты мақсатымыз отбасы институтын насихаттай отырып нығайту,  әрбір отбасындағы дәстүрлерді  сыйлауға  тәрбиелеу»,- деді.

Байқаудың әділ қазылар алқасының құрамында  «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арын Асқарбеков, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова , ардагер ұстаз, «Ел анасы» кеңесінің мүшесі Кәмиләш Ахметжанова болды.

Байқауға облысымыздағы этномәдени бірлестіктерден бірнеше отбасы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олардың қатарында Талас ауданынан Малыхиндер отбасы, Т.Рысқұлов ауданынан Байрамуковтар, Жуалы ауданынан Металимовтар, Байзақ ауданынан Қасымовтар және Тараз қаласынан Ашировтар отбасылары. Байқау: «Өзін таныстыру» (бұл кезеңде әр отбасы өздері және дәстүрлері жайлы баяндайды), «Халық даналығы» (әр отбасының мүшесі өздеріне қойылған логикалық және ситуациялық сұрақтарға жауап береді) және «Өнерлі отбасы» (әрбір отбасы музыкалық көрініс дайындайды) кезеңдерінен тұрды. Қатысушылар әр кезеңге жоғары деңгейде дайындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының 

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз –қызметі. 

«Балалар игілігі үшін мейірімділік сыйла»

05

Осы жолғы «Үміт Үзбеу» ҚҚ басты міндеті  – әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 80 балаға материалдық және моралльдық көмек көрсету болды.

Біз 80 балаға мектепке дайындалуға қолдау көрсеттік, Павлодар қаласынан көп балалы ата-аналар мен қамқоршылар көмек сұрап келді, соның ішінде Ленинский ауылы Май ауданы мен Железинка ауданы. «Павлодар облысы бойынша еңбектеніп жүрген әйелдер ісі жөніндегі комиссияның» Кәсіподақтың аймақтық бірлестігінің жетекшісі Даумова Р.Ж. қолдауымен барлық балаларға мүмкіндік болғанша киім-кешекпен, кеңсе тауарлармен және портфельдермен қамтамасыз етілді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 35 жетім балалар үшін «Бурбон» дәмханасында мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды. Біздің мақсатымыз – аз қамтылған отбасыдан және көп балалы отбасылардың балаларына қандай да бір себеппен мектепке бармауға жол бермеу (біз осы мәселені шешуге көмектестік). «Үміт Үзбеу» ҚҚ директоры – Гаухар Омарова.

Сонымен қатар, мұқтаж балалар үшін күнделікті қолданылатын заттардан  кәдесыйлар жасау бойынша «Өз қолынмен сұлулықты жаса» шеберлік классын өткіздік. Білім күні қарсаңында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Үміт Үзбеу» ҚҚ Анна Шихованың  авторлық студиясымен бірлесіп аса қажеттілікті ететін балалар үшін іс шаралар ұйымдастырдық. Балалар үлкен қызығушылықпен бұл шараға қатысты. Біздің басты міндетіміз саусақтар жұмысын жақсылап дамыту болатын, өйткені кейбір балалардың моторикмен мәселелері бар. Балалардың шығармашылыққа, қоршаған ортаны тануға мүмкіндіктері болды. Шеберлік классы аяқталған соң, ыстық құмның үстінде батуттарда серуендеу үшін балаларды қалалық жағажайға апардық. Оларға қатты ұнады, олар сондай бақытты көрінді. Барлық іс шаралардан кейін «Крендель»  дәмханасында түскі ас ұйымдастырылды. «Біз балалардың барлығы сыйлықтармен қайтуды жоспарладық» – деп  «Үміт Үзбеу» ҚҚ  жетекшісі  Гаухар Омарова атап өтті. – осындай шеберлік класстарды әрі қарай өткіземіз, бірақ ол үшін материалдарды сатып алу керек, бәріне белгілі ондай қаражат бізде жоқ.

Кезекті біздің шарамыз, Абышева Тахминаның емделуіне арналған  «Жүректен жүрекке» қайырымдылық концерті.

Біздің жоспарлағанымыз ойымыздан шықанымызға өте қуаныштымыз. Меніңше, осындай жағдайда Алланың құдіреті біздің жанымызда. Осы күні жанымызда болған жандарға жылы сөздер айтқым келеді. Мейірімді жандардың қатары  жылдан жылға ұлғайып келетініне сондай қуанамын Қосылындар «Балалар игілігі үшін мейірімділік жасаңыздар».

«Үміт Үзбеу» ҚҚ  директоры  Гаухар Омарова