Тараз қаласының облыстық Қан орталығында “Ерікті донор” акциясы өткізілді

Әлемде қан құюға жыл сайын миллиондаған адамдар мұқтаж болады. Осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан  айында жамбылдық этномәдени бірлестікттердің белсенді жастары Тараз қаласындағы «Қан орталығына» барып қан тапсырды. Жастар қатарында Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабының мүшелері  және ассамблея волонтералары, этномәдени бірлестіктің белсенді жастары болды. Қайырымдылық шарасы  жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қан өткізуге, қайырымдылыққа ерікті түрде атсалысатын жастардың биылғы жылғы шарасы «Ерікті донор» атауымен өткізілді. Қолдарына ҚХА жалауын ұстаған жастар, «Қан орталығы» ғимаратының алдында жиналды.Бұл игілікті іс әрбір жанға үлгі болары сөзсіз.

Қан қандай жағдайда керек? Сырқат жандар күнделікті қан құюға мұқтаж болады. Қан немесе қанды құраушы компоненттер жол-көлік оқиғасына ұшыраған, босанғаннан кейінгі ауыр жағдайдағы әйел азаматшаларға, сырқаты терең балаларға ауадай қажет. Ал гемофилиямен және анемия ауруына шалдыққандарға  өмірін сақтап тұру үшін тек қан керек. Әлемнің әрбір үшінші тұрғыны бір рет донорлық қанды қажетсінеді дейді статистика. Ал «Донор» дегеніміз –өзінің қанын беру арқылы біреуге өмір сыйлайтын адам.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ерікті донорлары, Тараз    қалалық  Қан  орталығының қолдауымен  өткен  атаулы акцияға ерекше  ынта-ықыластарымен атсалысты.

Алдымен тіркеу  бөлімінен өтіп, зертханалық  кабинетте талдама жасалынды.денсаулығы жарамды деп танылған қыз-жігіттер  қанға мұқтаж жандарға өз қандарын өткізіп, қайырымды іс жасады.

Орталық  басшысы Умаров Гулам Мухтарұлы  қайырымдылық іске  белсене қатысқан жастардың  ізгі ниеттеріне  өз  ризашылығын білдірді. Осынау дәстүрлі шара жалғасын тауып, қайырымдылыққа жаны құмар мейірімді жастардың қатары  көбейсе деген тілегінде жасырмады. Мұндай жауапты әрі өте маңызды шараға  жас буынның саналы түрде қатысуы  қуанарлық  жағдай екенін ерекше  атап өтті.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы жастарының жетекшісі Хамида Турдыева: – «Қайырымдылық акциясына барлығы 40 жас  қатысып, белсенділік танытты.  «Ерікті донор» қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады және оған қатысушылар саны  артып келеді»-деді.

Шара соңында  акцияға қатысушылар мекеме қызметкерлерімен естелік суретке түсті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Тараз қаласының Достық үйінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті

Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Тараз қаласының Достық үйінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өткізді. Аталған форум эстафета түрінде Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Алматы қаласы арқылы Жамбыл жеріне жолданған болатын.

Форумға облыстың түпкір-түпкірінен қазақ тіліне жетік этнос өкілдері келді. Олардан өзге облысымызға белгілі тіл жанашырлары, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері, облыс ақындары, ЖОО оқытушылары, қоғам белсенділері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, «Мәміле» клубының өкілдері және жергілікті БАҚ тілшілері қатысты.

Қазақ тілін қадірлеп, «мемлекеттік тіл – менің тілім»  деп білетін этнос өкілдеріне арналған кездесудің басты мақсаты да қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырып,  мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мен сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылау болатын.

Форум Елбасы Н.А.Назарбаев пен ҚР Президенті К.К.Тоқаевтың «Мемлекеттік тіл туралы» шағын бейне-ролик көрсетілімімен басталды. Одан әрі «Менің қазақ тіліне жету жолым», «Қазақ тілін қалай үйрендім?» деген сауалдарға  Жуалы ауданы   «Мехрибан» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Эсьмира Мамедова, неміс этномәдени бірлестігінің өкілі және облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармония әншісі Анна Вундер, М.Қашқари  атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухаббат Турдыева,  «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері Пряхина Русалина, Вердиева Ругайя, Ибрагимова Фируза жауап берді. Бірі қазақ халқының қызына айналса, енді бірі келіні болып жүрген тілжанашырлары мемлекеттік тілді қалай меңгергендері туралы естеліктерімен бөлісті. Олардың мемлекеттік тілді білулерінің өзінде бір ерекше тарих жатыр.

Жастар арасынан қазақ тілін жетік меңгергендердің бірі Вердиева Ругайя. Ол тіл білудегі өзіндік ерекшелігі туралы былай деді.

  • «Мектеп кезінде 5-ші сыныптан бастап қазақ тілі сабағын оқи бастадық. Мектеп негізінен орыс тілді мектеп болатын. Қазақша сөйлеуім мүлде төмен деңгейде болды. Бірде маған қазақ тілі сабағынан беретін ұстазым өзінің бұрынғы шәкірттерінің арасында бір аптаның ішінде қазақ тілін жетік меңгерген орыс қызы туралы айтып берді. Осылайша ұстазыма күнде қосымша сабаққа келіп жүрдім. Нәтижесінде бір апта болмаса да бір жарым айда қазақ тілінде еркін сөйлесетіндей дәрежеге жеттім. Қазақ тілін жетік біліу үшін білімді дамытпақ ниетте Жамбыл облысының тілдерді дамыту басқармасына келіп екі ай арнайы курс оқыдым. Қазір қазақ тілінде емін-еркін және таза сөйлесіп, кітап, журналдарды мүдірместен оқи аламын.» Ругайя қазақ тілінде жақсы сөйлеумен ғана шектелмейді. Ол қазақ тілінде әуезді ән де сала алады. Форум барысында салған әсем әні жиналған көпшіліктің көзайымына айналды.

Бұдан өзге тіл жанашырлары арасында «Мемлекеттік тіл әлеуметтік баспалдақ»  тақырыбында өзара ой-пікірлер мен  тілектер де ортаға салынды.  Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны, ұлтаралық қатынас құралына айналуы туралы «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Динара Нуралиева, Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Фатима Хусейноглы, Жамбыл ауданы   «Барбанг» күрділер  этномәдени бірлестігінің мүшесі Сабри Асанов, Облыстық «Арай» газетінің тілшісі Нұржан Қадірәлі, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ филология және журналистика кафедрасының доценті Темірбай Мұқашев, ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақов,  Жамбыл облыстық ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер Үміт Битеновалар пікір білдірді.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ филология және журналистика кафедрасының доценті Темірбай Мұқашев: «Қазақ тілі құнарлы тіл. Сөздік қорға бай тіл. Оны толық игеру, қамту ол өзге этнос өкілі үшін оңай жұмыс емес. Елді құрметтеу, сыйлау, оған деген сүйіспеншілік сол елдің тілін білуден басталады. Себебі тілін білмеген жағдайда, өзін  нан жеп, суын ішіп, ауасымен тыныстап отырған елдің мәдениетін, әдебиетін, өркениетін қалай танисың? Бүгінгі форумда қазақша еркін сөйлеп отырған жастар мен түрлі этнос өкілдерін көріп разы болып отырмын. Менің ана тілімді меңгеріп, үйренгендеріңіз үшін, құрметтегендеріңіз үшін алғыс айтамын! »-деді өз сөзінде.

Іс-шара барысында «Жаңғыру жолы» жастар лигасының жастарының қатысуымен қала тұрғындары арасында шағын сауалнама жүргізіп, мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдері қаншалықты игергенін айқындау мақсатын арнайы дайындалған бейне-ролик көрсетілді. Сонымен қатар,  «Мың бала» жобасының 2019 жеңімпазы, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, № 24 гимназияның 10-сынып оқушысы  Турабекова Индира, №2 және №34 мектептің оқушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды.

Форум соңында  «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының өкілі Айгүл Кабиева және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктері мен жастары Алматы қаласынан ұсынылған эстафетаны жамбылдықтардың қабыл алып, ары қарай Шымкент қаласының этномәдени бірлестіктері мен еліміздің барлық облысына жолдау туралы хабарлап, кездесу кешін этномәдени бірлестік мүшелерінің орындауындағы «Өз елім» әнімен аяқтады.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Назерке Оңғар

Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының мәлімдемесі

Қордайда орын алған оқиға ел азаматтарының жанына батты.

Қайғылы жағдай орын алды, тұрғындар құрбан болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қайтыс болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.

Мемлекет басшысы кикілжің салдарын жоюға қатаң тапсырмалар берді.

Біз Қазақстан халқынан осы келеңсіздіктің тез арада шешілуіне барынша қолдау білдіріп, көмек көрсетуін сұраймыз.

Аталған тапсырмаларға сәйкес Ассамблея еліміздің барлық өңірлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, этномәдени бірлестіктермен кездесулер ұйымдастырды.

Ассамблея мүшелері «қылмыс – ұлтқа бөлінбейді» деген пікірді толық қолдайды және кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаға тартылуы керек деп есептейді.

 

Сондықтан бүгінгі күнгі еңбасты мақсат – арандатушыларға бой алдырмау, жеке тұлғалар жасаған тәртіпсіздік үшін бүкіл ұлтты айыптауға жол бермеу.

Ассамблея халық даналығына сенім арта отырып, ел тұрғындарынан, ең алдымен жастардан еліміздегі татулық пен келісімге селкеу түсіретін, асығыстыққа ұрындыратын қадамдар мен іс-әрекеттерден сақ болуын сұрайды.

Қазақстан халқы бір-бірімен әрдайым бауырмалдық қарым-қатынастың жарқын үлгісі болғанын және бола беретініне сенімдіміз.

Балаларымыздың ортақ болашағы үшін ұлтаралық алауыздық тудырмауымыз қажет.

Біз азаматтарды жалған қауесеттерге ермеуге, қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына жәрдемдесуге, ортақ үйіміздегі татулық пен бейбітшілікті сақтауға шақырамыз.

Жамбыл облысы ҚХА «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуфаров Ибрагим Хуршудұлы: Мен үшін Абай мен қазақ егіз ұғым секілді

Үстіміздегі жылы республика көлемінде  ел болып қазақ ұлтының біртуар азаматы, данышпаны, ағартушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. Бұл тек қазақ халқының ғана тойы емес әлем елдерінің тойы десек қателеспейміз. Оған себеп Абай шығармалары тек қазақ даласын ғана емес, әлемнің түпкір түпкіріне тараған белгілі туындылар. Өз оқырманы мен зерттеушілерін тапқан дүниелер. Менің пікірімше қазақты әлемге танытқан әуелгі тұлға Абай. Мұндай тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те жарасымды, орынды.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өту жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Ал, Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасы 2019 жылы интернет қолданушылары арасында  жоғарғы деңгейде өтті. Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан осы бір дүние арқылы Абай туындыларындағы философиялық өзгешелік, ерекшелік өзге этнос өкілдерін де бей-жай қалдырмады,  керісінше, олар осы эстафетаға қатысуда белсенділік танытты. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарыққа шықты.

Аталған мақалада қазақ қоғамының рухани өмірінде, ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше тұлғаның өмірі мен шығармашылығының мәні, Абай мұраларының қазіргі қоғамға қаншалықты қажет екендігі кеңінен тарқатыла айтылған.  Ғұлама өмір сүрген заман мен қазіргі уақыттағы адамдардың сана-сезімі, ой-өрісі, өркениеттік даму деңгейі түрлі болғанымен, ұлы ақынның өз туындылары арқылы болашақ ұрпаққа жеткізбек болған ойлары, бүгінгі күні де өз өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі, ол сол кездің өзінде-ақ, жүздеген жылдарды артқа тастап болашаққа бағыт-бағдар бере алды. Абайдың өмірі, мұрасы, уақыт өткен сайын қазақ қоғамында ғана емес, күллі ғаламда өз орнын тауып, мойындалып келе жатқандығы белгілі. Оның әрбір өлеңі мен поэмасында кез-келген санаттағы адамзаттың бір-бірімен қарама-қайшылығы болмаса, қарым- қатынасындағы болатын жайттардың түрлерін ашып айтқан. Ал, оның қара сөздері адам өміріне, ой-санасына, дүниеге, жаратылысқа терең бойлай отырып, жазылған адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын, мән-мағынасы ерекше туындылар.

Президентіміз Абай туралы мақаласында оның ұлттық болмыстың үлгісі, мемлекет ісінің мүдделесі, жаңа қоғамның жанашыры, әлемдік мәдениеттің тұлғасы екендігі туралы жеке-жеке тоқталып, терең түсіндіріп айтты. Бұл Абай Құнанбайұлына берілген ең мықты мінездеме екеніне сенімім мол.  Оның әр сөзінен дәлдік пен нақтылықты аңғаруға болады.

Аймақтық ассамблея еріктілер қозғалысы орталығының ашық есік күнін өткізді

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер қозғалысы орталығы Достық үйінде Ашық есік күнін өткізді.

Шараның мақсаты ҚХА-ның волонтерлік қызметі мәселелерін ұйымдастыру мен үйлестірудің бірыңғай орталығын, әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін азаматтық атсалысудың бірыңғай алаңын құру болып табылады.

Ашық есік күніне облыстық Ассамблея еріктілері мен құрылымдарының мүшелері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі, білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, ЖОО өкілдері, Жамбыл облыстық «Жібек жолы жастары», «Біз біргеміз», «Ақ Сұңқар», «Достық», «Ізгілік елшілері»волонтерлық орталықтары қатысты. Еріктілер жиынында аймақтық ассамблеяның тарапынан облыс көлемінде 40-тан  астам жас өтінім қалдырды.

ҚХА еріктілер қозғалысының ашық есік күнінде орталық міндеті мен тұжырымдамасытаныстырылды.Модераторлық еткен Рано Махсудқызы«Өзекті міндет-азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру. Бұл азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі.Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілердің жұмысын ресми және жүйелі түрде ілгерілетуде, өйткені біздің мұқтаж азаматтарға көмектесу қажеттілігі қанымызда бар қасиет. ҚХА-ның еріктілері мен жастары мұқтаж балаларға жыл сайын қан тапсырып, Арыс қаласындағы техногендік апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетті, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және ҰОС ардагерлеріне жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде алғашқылардың бірі болып еріктілердің жыл шымылдығын ашу құрметіне ие болды. Және бұл заңдылық, өйткені еріктілік – бұл шынайы патриотизмнің бейнесі, онда өз еліне қызмет етудің игі идеясы, оны бүкіл халық үшінбарынша жақсы және ыңғайлы ету мақсаты көзделген» -деді.

Жалпы ҚХА еріктілер  қозғалысы бірнеше бағыттар бойынша жұмыс атқаратын болады. Орталықтың бағыттары мен жұмысын үйлестіруші «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының және «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы,  облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесі мүшесі – Зайнуддин Махусеев Тұжырымдамада көрсетілген тұщымды мәселелер төңірегінде тарқата айтты.Орталық басшысы «Бүгінгі таңда волонтерлік қозғалыс азаматтық қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің элементі болып табылады. Достық үйлері базасында волонтерлік қозғалыс орталықтарын ашу «Social Assembly» республикалық жастар форумында ҚХА «Жаңғыру жолы» белсенділері көтерген бастамалардың бірі болып табылады. Волонтерлер ретінде этномәдени бірлестіктер мен жастар бастамаларының, қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің өкілдерін, медиаторларды, мәдениет және спорт қайраткерлерін және т.б.тарту ұсынылды. Мұндай орталық Әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін бірыңғай алаң болады. Орталықтың еріктілері арасынан әр бағыттағы үйлестірушілер анықталып, олар әлеуметтік, білім беру, спорттық бағыт және медиациядағы еріктілік бағыттарыбойынша жұмыс істейді» -деді, өз сөзінде.

Әлеуметтік бағыт бойынша  –   «Жаңғыру жолы» ЖҚ  орынбасары, «Барбанг» облыстық күрд қауымдастығы  қоғамдық бірлестігінің  жастар қанатының төрағасы» Алиев Хабиб Соханалиұлы  «Халықтың қорғалмаған топтарына көмек көрсетуді ұйымдастыру, табиғи және тарихи мұраны сақтау бойынша тарихи-экологиялық іс-шаралар өткізу» туралы өз ойымен бөлісіп, жоспарларымен таныстырды.

Білім беру бағыты бойынша – ТарМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к  Мамедова Фарида Иманжанқызы «Бұл жобаның негізін жеке тәжірибені басқаларға жеткізе алатын түрлі саладағы мамандар-волонтерлер құрайды. Бұл жерде мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жүйесін дамыту, тәлімгерлік және тәрбиелеу институтын құру жоспарлануда»-деді.

Спорттық бағыт бойынша –өңірлік «Жаңғыру жолы» ЖҚ орынбасары, «Парасат» колледжінің студенті, «Эрудит» ЖШС таэквондо жаттықтырушысы – Лигостаев Артур  Михайлұлы спортшылар мен жаттықтырушыларды бір қауымдастыққа біріктіріп, спорт түрлері бойынша мастер-кластар өткізуге  балалар үйлері мен ауылдық мектептерге баруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Медиация бағыты бойынша  – «Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» ҚБ басшысының міндетін атқарушысы, кәсіби медиатор И. Федорова «Медиатор еріктілері-денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы коммерциялық, корпоративтік, отбасылық, еңбек даулары мен дауларды реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар алдын алудың жаңа құралы. Медиатор еріктілері топта жұмыс істей алады, жанжалды жағдайларды талдай алады және жанжалдарды шешу стилін орнатады» – деді, өз сөзінде.

Кезек еркін микрафон алаңына келген кезде ерікті жастардың түрлі ұсыныстары айтылды. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысыАрайлым Абдуалиева облыс көлеміндегі ерікті жастардың атқарып жатқан жұмыстарының бір қатарына тоқталып, ҚХА-мен бірге «Жастар жылы» аясында жемісті жүзеге асқан «Қамқор» жобасыныңеріктілер жылында да  жалғасатынын және әріптестіктің негізгі салаларын атап көрсетті.ТарМУ ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбеков облыстағы ерікті жастардың базасын қалыптастыру туралы ұсыныс білдірсе, «Ақ сұңқар» еріктілер қозғалысының төрағасы Еркін Әбдиев еріктілерді дұрыс бағыттайтын білікті координарлар керектігін және еріктілер көзделген жерге жету үшін қалалық қоғамдық көліктердің жүру уақытын мәселелері туралы ұсынысын білдірді. Себебі еріктілердің басым көпшілігі студент жастар болғандықтан олардың межелі орынға жеткенше қоғамдық көліктердің тоқтап қалатыны туралы айтылды.  Ал, медиатор Нұрлыгүл Амирова жас отбасылардың ажырасу санын кемітіп, отбасын сақтап қалу үшін кез-келген уақытта медиаторлар көмегіне жүгіну керектігін, әрі заң жүзінде шешуге болатындығын айтты.

Айтылған ұсыныстар мен пікірлерге қатысты Жамбыл облысыҚазақстан халқы   ассамблеясы  төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісіҚожаеваМаржан Төреғұлқызы жастар ұсынысымен келісе отыра еріктілердің ортақ базасын Достық үйінде құру туралы өз ұсынысын айтты. Сонымен қатар еріктілерге қажетті кез-келген көмек түрлерімен қамтамасыз ету үшін тиісті органдарға жүгіну арқылы көмек көрсете алатындығын  мәлімдеді.

ҚХА волонтерлік қозғалысының қызметін ұйымдастырудың және үйлестірудің бірыңғай тетігін әзірлеу, волонтерлер институтын дамыту, әлеуметтік міндеттерді шешуге азаматтық атсалысу дағдыларына баулу, ҚХА волонтерлер қозғалысының көшбасшыларын анықтау,  халық арасында әлеуметтік қызмет пен азаматтық атсалысудың идеялары мен принциптерін тарату үшін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аймақтағы басқармалар, ЖОО және еріктілер қозғалысы орталықтарымен ортақ келісімге келуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Достық үйінде ТарМУ-дің оқытушылары еріктілерді оқытудың түрлі  курстарын өткізетін болады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз бөлімінің маманы

Назерке Оңғар

Тараз қаласы тұрғындарының назарына!

2020 жылғы 17 қаңтарда сағат 11:00-де өңірлік Достық үйінде облыстық ассамблея еріктілері мен құрылымдарының мүшелері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі, білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, ЖОО өкілдері, Жамбыл облыстық «Жібек жолы жастары», «Ақ Сұңқар» волонтерлық орталықтарының қатысуымен ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының «Бірыңғай ашық есік күні» өтеді.

Іс – шара бағдарламасында-еріктілер қызметінің тұсаукесері, осы жобаның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жоспарланған.

Ағымдағы жылдың желтоқсанында «Тараз қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің балаларына арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

Ағымдағы жылдың желтоқсанында «Тараз қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің балаларына арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы  Ұйымдастырушылар жаңа жылдық қайырымдылық шырша барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы» орталығында

Облыс әкімі аймақтық ассамблеяның бірқатар белсенділерін марапаттады

Жамбыл облысының  әкімі, облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Мырзахметов Асқар Исабекұлы аймақтағы этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесіп, қоғамдағы белсенділіктері үшін түрлі марапаттармен  марапаттады.

Кездесу барысында бірінші болып Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Минаков Юрий Васильевичтің облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің қызметі туралы есебі тыңдалды.

Юрий Васильевич биылғы жылы атқарылған жұмыстардың есебіне тоқталып, қайырымдылық жасаған жандардың қайырлы істерін ерекше атап өте келе: «Біздің облыста 87 этнос пен этностық топтардың өкілдері тұрады. Биылғы жылы «Рождество», «Масленица», «Алғыс айту күні», «Наурыз», «Бірлік» мерекесі сияқты 1000-нан астам іс-шаралар өткізілді.

   Өңірде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Биылғы жылы 34 этномәдени бірлестік аккредиттеуден өтті және Қазақстан халқы Ассамблеясының тізіміне енгізілді.     Сонымен қатар үстіміздегі жылы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қайырымдылық бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Олардың арқасында 6 мыңнан астам адам қажетті көмек алды. Түрік, күрд, дүнген, өзбек, ұйғыр, орыс, шешен, поляк және грек этномәдени бірлестіктері Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек қолын созды. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің меценаттары аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етті. Олар-Ким Никон Маркович – «Компания Марк» ЖШС директоры Айсауле Ибадуллаевнаға (7 бала) көп балалы отбасына үй сыйлады, Лоу Әбдікәрім Абдуллаұлы-«Вынхуа» Жамбыл облысы дүнген мәдени орталықтарының этномәдени бірлестігінің мүшесі Батыр және Сортөбе ауылдарында  аз қамтылған жеті отбасы үшін үй құрылысын қаржыландырды, Шаюнусов Шамухтар Қарабайұлы –«ТаразКожОбувь» ЖШС директорының орынбасары аз қамтылған отбасылар үшін 4 пәтер сатып алды»-деді, қоғамдық орынбасар өз сөзінде.

Кездесу барысында аймақтағы ассамблеяның Аналар кеңесінің атқарған жұмыстарының есебі туралы Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллаевна өз баяндамасын жасады.

Мухаббат Сайдуллаевна «Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 10 мыңнан астам адамның қатысуымен 169 іс-шара ұйымдастырды.  Облыстық полиция департаментімен бірлесіп оқу орындарында балалардың беймезгіл уақытта жүруін анықтау бойынша ағымдағы жылы 18 рейд өткізіп, 11 мектепте 14 панасыз баланы анықтап, одан әрі тиісті құжаттарды рәсімдеу әрекеттерін жүргізді. Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасының құрамына кірді. Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі комиссиямен бірлесіп «Бастау» жұмыс тобының 18-ші отырысына қатысты. Аналар кеңесі 28 отбасылық сот отырысына қатысып, нәтижесінде 19 некенің сақталуына мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар аталған кеңес оқу орындарында «Төзімділік», «Ұлттық тәрбие және ұрпақтар сабақтастығы», «Мектептегі зорлық-зомбылық» тақырыптарында дәрістер өткізеді»-деді өз есебінде. Кеңес төрайымы алдағы жылы да отбасы және ана мен балаға қатысты мәселелерді шешуде көптеген тың идеялардың жүзеге асуын қамтамасыз ететіндерін тілге тиек етті.

Жиын барысында бұдан өзге «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, Облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Трегубова Виктория Вячеславовна және «Айнуры» татар – башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Халиков Амир Шавкатович  аймақ басшысы алдында атқарылған жұмыстарына есеп беріп, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Баяндамашылардың есеп беруі аяқталғаннан кейін кезек марапаттау салтанатына да келіп жетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық медалімен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары – Дауызова Сара Манкизқызы және «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Умаров Гулам Мухтарұлы марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Жамбыл облысы «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Соколовская Ирина Самуилқызы және «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Муминов Бахром Тохтасынович  марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына Қазақстан  халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі – Турдыева Хамида Кахарджанқызы мен «Еңбекші» республикалық салалық кәсіподақ газетінің тілшісі – Перфильева Наталья Николайқызы ие болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Бунин Михаил Вениаминұлы мен «Вайнах» Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Магомадов Рамзан Сапиұлына бұйырды.

Облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары – Айдаров Латиф Амзеұлы, «Жамбыл облысының немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті – Гибнер Александр Абрамұлы, «Хазар» әзербайджан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – ПойлиевАсабали Ахметұлы, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы – Зайнутдинов Абдурахман Юлдашұлы және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Джанабаев Рахмеджан Ергешұлы марапатталды.

Қоғамда белсенділік танытып ел ынтымағына ерекше үлес қосып келе жатқан этнос жетекшілерін марапаттау  салтанатының соңы пікір алмасып естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Ауыл әкімі болғым келеді!

Ағымдағы жылы  Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»   КММ  ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы     5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудыңЖедел жоспарының «Жаңғырған ауыл» және «Ауылым – ел бесігі»тармақтарындағы тапсырмаларға  және Жастар жылы аясындағы облыстық Жол картасына сәйкес«Ауыл әкімі болғым келеді!»  әлеуметтік жастар жобасыныңбайқауы өтті.

Байқаудың мақсаты  жастарды өз идеялары мен бизнес-жобаларын белсенді түрде жүзеге асыруға ынталандыру, стартап-жобалары бар және кәсіпкерлік негіздерін игерген ауыл жастарымен қарым-қатынасты нығайту және қолдау. Сондай-ақ, ауылдың әл-ауқаты, тұрмысын жақсартып, ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға бағытталған.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде  аудандардағы ауыл жастарыныңауылды көркейтуге арналған инновациялық жобалары таңдалды, олардың өндірістегі жетекшілері бекітілді.Бақ сынасып байқауға қатысқан25 жобаның ішінен  екінші кезеңге, яғни облыстық турда тек ауданнан жолдама алған 9 жоба бәсекелесті. Жобасын жүзеге асырсам деген жастарға әділқазылық еткен қазылар құрамында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлері және аймақтағы ЖОО оқытушылары болды.

Жобалар байқауының нәтижесі бойынша бірінші орынға Құлан ауылшаруашылығы колледжінің Ветеринария мамандығының студенті – Гордеев Денис Геннадьевичтің «Баламалы энергия көзі негізіндегі агрономия мамандығының тәжірибелік алаңы» атты бүгінгі таңда өндірістік сынақтан өтіп жатқан  өндірістік жобасы лайық деп табылды. Екінші дәрежелі орынды  Қызылорда, Жамбыл облыстарының шөлейт жерлерін құнарландыруға бағытталғанЖамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселесінің басқармасының қызметкері – Олжабаев Асхаттың «Жоңышқа – табиғи тыңайтқыш» атты бірнеше жас ізденушілердің республикалық жобасы иеленді. Кезекті үшінші орынның тұғырынан М.Х. Дулати атындағы ТарМУ студенті – Талғат Жарқын Мұхтарұлының жаңа стандарттағы  «Құсфабрикасы» жобасы көрінді.

Сайып келгенде, «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауына ұсынылған жұмыстардың тақырыбы  мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек, жұмыссыз жастарды демеу сияқты әлеуметтік саланы, ауылда мал шаруашылығын дамыту, өндірістер ашу, инфрақұрылымды дамыту сияқты сан-салалы мәселелерді қамтыды.

Жобалар бақ сынасқан бәсеке мәресіне  жеткеннен кейін жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Жастар жылының қорытынды жобасына дүнген этномәдени бірлестігі,  ҚХА-ның «Ақ желкен» жастар лигасының жетекшісі, жас кәсіпкер Зайнуддин Махусеев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жастар қанаты жетекшісі Зульфия Фарманова демеушілік етті.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Достық үйінде Журналистер клубының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Баспасөз бөлімі Журналистер клубының кезекті екінші отырысын өткізді.

Жыл бойына өткізіліп отыратын  клубтың бірінші отырысы облыстық «Бір шаңырақ астында» байқауының алдында, үстіміздегі жылдың  мамыр  айында өткізілген болатын. Жиында байқауға қатысущы БАҚ өкілдерінің өткізген материалдары сарапталып, жеңімпаздар анықталған болатын.

Клубтың кезекті екінші отырысында  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы Жақсылық Жасөркен Берікұлы модератор болды.

Күн тәртібінде белгіленген мәселелер қатары  бойыншаоблыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Утеповаоблыстық ассамблеяның журналистер клубының  жыл бойы атқарған  жұмыстары туралы баяндады.

Жиында ұсынылған күн тәртібі бойынша, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ өкілдерінің жұмыс барысында туындаған мәселелері мен ұсыныстары талқыланды. Сонымен бірге, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Журналистер клубының жетекшісі қайта тағайындалып,  клуб мүшелерінің құрамын жаңарту мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе турасында клубтың жұмысын жандандыру мақсатында жұмыс барысында туындаған мәселелер мен ұсыныстарды талқылау жөніндеорталықтың БАҚ-пен жұмыс істейтін менеджері Оңғар Назерке«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының ұсыныстарымен бөлісті.

Мәжіліс барысындаЖамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы Жақсылық Жасөркен Берікұлы: – Құрметті клуб мүшелері, облысымызда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды республикалық, облыстық және аудандық БАҚ-та кеңінен жариялап отыруымыз қажет. Алдағы уақыттабірігіп атқаратын жұмысымыз көп. Және де атқарылатын жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарап, баршаңызды біркісідей атсалысуға шақырамын!» – дей келе,Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына сәйкес, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Журналистер клубының облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Б.Утепованың есебінің назарға алынуы, мемлекеттік этносаясаттың маңыздылығын жүзеге асырып, ҚХА ақпараттарын кеңінен жариялап отырған  «Ұлы шаңырақ» газетіне жазылушылар санын көбейту тәрізді мәселелерді қорытындылады. Сондай-ақ, өткізілген ассамблея іс-шаралары маңыздылығын көпшілікке жеткізуде республикалық, облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде материалдар мен хабарламалардыңдер кезінде жариялануын қамтамасыз ету, облыстық ассамблея құрылымдарының жұмысы туралы материалдарды БАҚ-та кеңінен жариялануын қадағалау, атқарылған жұмыстар туралы тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп және келер жылға облыстық ҚХА-ға қатысты БАҚ өкілдерінің медиа-жоспарлары жөнінде облыстық ассамблеяның Баспасөз орталығына ақпарат беру, облыстық  «Магнолия» газетінің тілшісі Михаил Буниннің облыстық байқауға қатысты айтылған ұсыныстары қарастырылуы сияқты бірқатар келелі мәселелер жөнінде шешімді атап өтті.

Жиын соңы үш жылға жуық облыстық ассамблеяның Журналистер клубын жауапкершілікпен атқарғаны үшін және Қазақстан халқы ассамблеясы жұмыстарын жарықтандыруда аянбай еткен ерен еңбегі үшін   облыстық тілші Бунин Михаил Вениаминовичті марапаттаумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы