Меркі ауданында өткен «Қайырымдылық керуені» атты Қазақстан халқы ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» науқанының  ақпараты

         Ағымдағы жылдың 9 қазаны күні Меркі ауданы, Меркі ауылы, Сарымолдаев ауылдық округі, №9 Меркі колледжінде, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

          Аталған шараға Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен белсенді мүшелері, ішкі саясат бөлімінің өкілдері, медиаторлар, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің жетекшілері, дін басқармасының, құқық қорғау органдарының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері және БАҚ тілшілері қатысты.

         Шара барысында «Қоғамдық келісім кеңестері мен жергілікті органдардың бірлескен әрекеттері» тақырыбымен облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің, жастар арасында, әйелдер арасында деструктивті ағымдарға жол бермеу мақсатында мектеп-гимназияның кітапханасында «Қоғамдық сананы жаңғыртуда адамгершілік-рухани тәрбие берудің тиімді механизмдері» тақырыбымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесінің және «Аға буын өкілдері – ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбымен оқу кабинетінде ақсақалдар кеңесінің аймақтық кеңейтілген отырыстары өтті.

          Патриоттық тәрбие бойынша «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» атты жастармен кездесу шарасына 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен ауыл жастары қамтылды. Дәл осы уақытта №9 Меркі колледжі спорттық алаңында  «Көпшілік мәдени іс-шаралар» бөлімінің ұйымдастыруымен 11-12 жастағы балалар арасында «Қазақстан халқы спартакиада ойындары» тақырыбымен әр түрлі жарыстар өткізілді. Спорттық шараның соңында барлық ойынға қатысушы балаларға сыйлыққа доптар таратылды.

Қайырымдылық жасауды қағидаға айналдырған облыстық ассамблея мен «Қоғамдық келісім» КММ ауылдағы жағдайы төмен деген бес отбасыға әлеуметтік көмек ретінде азық-түліктер себетін таратты.

          «Бейбітшілік және келісім» керуені қайырымдылық шарасынан соң Сарыкемер мектеп-гимназиясының акт залында ұлттар бірлігін ұлықтайтын этномәдени бірлестіктердің өнерлі өкілдері мен Меркіөнерпаздарықатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

             Іс-шараға барлығы 200 адам қатысты.