2018 жылдың 20-21 қыркүйегі Ш.Валиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап кітапханасында. «Конфликтология. Медиация» тақырыбында консультативтік-әдістемелік семинар өтті. Семинарға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының бастауыш ұйымының жетекшілері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – медиация саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру.
Жамбыл облысы ҚХА медиаторлары Сафонова Л.В., Досыбиева В.Н., Әміркенов С.И. және Балабеков С. оқу сабағында жанжалдар мен дауларды шешудегі медиация құзыреттерінің жалпы көріністерін ұсынды. Оларды шешуге және рөлдік ойындармен тәжірибелік жаттығуларға мысалдар келтірілген.
Осындай консультативтік-әдістемелік семинарлар мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын адамдарға қоғамдағы әлеуметтік-саяси шиеленістер мен қақтығыстарды азайту бойынша негізгі білім береді.
Медиация кабинеті
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ